Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Руханият • 12 Наурыз, 2020

Шырын ақынның шығармашылық кеші өтті

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Өлкелік туризм кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде» жаңа жобасын бастады. Осы жобамен мерейлі Меркі ауданында  Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» белгісі мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, бірнеше республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, қаламы қуатты, өлеңдері әлі күнге дейін жұрттың ерекше ықыласына бөленіп жүрген Шырын Мамасерікованың «Жүрек лүпілінен туған өлең» атты әдеби гротеск кешін өткізді.

Қазақстан • 12 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирус оқиғалары тіркелген жоқ - Ералы Тоғжанов

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанда коронавирус тіркелмегенін мәлімдеді.

Президент • 12 Наурыз, 2020

Президент бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді

Кеңес барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады. Сондай-ақ, министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 12 Наурыз, 2020

Түрікменстан Президенті Әзербайжанға ресми сапармен барды

2020 жылдың 11 наурызында Баку қаласында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесті. Бұл туралы Түрікменстан Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Әлем • 12 Наурыз, 2020

АҚШ-та NBA-ның тұрақты чемпионаты тоқтатылды

Ойыншылардың бірінен коронавирус анықталуы себепті Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) тұрақты чемпионаты кейінге қалдырылды.  Бұл туралы NBA Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Қазақстан • 12 Наурыз, 2020

Пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталмады - министр

Қазіргі уақытта пневмониямен ауырып жатқандардан коронавирус инфекциясы анықталған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді.  

Әлем • 12 Наурыз, 2020

Голливуд актері Том Хэнкс коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді

Голливуд актері Том Хэнкс әйелі Рита Уилсон екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды. 

Қазақстан • 12 Наурыз, 2020

Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. 4821 адамға  мониторинг жүргізілді, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1230,  1 «б» санаты бойынша – 207,  2 санат бойынша – 3384 адам медициналық бақылауда болды. Барлығы 958 адам бақылаудан алынды. 12 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 3863 адам бақылауда тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 12 Наурыз, 2020

Қазақстанда пандемияға байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады - Президент

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын хабарлады. Бұл туралы ол Twitter парақшасында жазды.

Спорт • 12 Наурыз, 2020

Геннадий Головкин Олимпиадаға жолдама алған спортшыларды құттықтады

Геннадий Головкин Бокстан Олимпиада ойындарына жолдама алған Қазақстан құрамасын құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.