Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Парламент • 13 Наурыз, 2020

Митингтер туралы заң жобасы – Мәжілісте

Мәжілісте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын таныстырды.

Қоғам • 13 Наурыз, 2020

Тікелей эфирде баспаналы болды

Қазақ радиосының «Мың алғыс» бағдарламасына Өскемен қаласынан арнайы келген бір үйдің бес баласы қатысты. Көмекке мұқтаж екендерін білгеннен кейін Қазақ радиосы оларды арнайы шақырып, жағдайын көпке жеткізуді мақсат еткен еді.

Қоғам • 13 Наурыз, 2020

Есірткі тасымалдаушы ұсталды

Біздің елден Қырғыз Республикасына қарай жаяулатып бет алған, жас мөлшері елуге жақындаған ер адамға айналасындағылар аяушылықпен қарағандығы байқалып тұрды. Оның оң аяғының орнында протез болатын.

Руханият • 13 Наурыз, 2020

Біздің Шәкең

Ата-анасының азан шақырып қойған аты – Шәмшиддин. Біз Шәмші деген есімімен таныдық, адамдармен қарым-қатынасына, ел алдындағы қызметіне бола айналасындағылар қазір «Шәке», «біздің Шәкең» дейді.

Руханият • 13 Наурыз, 2020

Кітап сөзі (Ұғым-түсініктердің бүгінгі мәні)

Заман келбеті Біз ұғым-түсініктер қайшылыққа ұшы­раған алмағайып заманда өмір сүріп отырмыз.

Елбасы • 13 Наурыз, 2020

Халықаралық марапат берілді

Пәкістан Ислам Республикасының астанасы Исламабад қаласында өткен Конфессияаралық диалог және ұлттық бірлік жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мемлекетке және қоғамға сіңірген қызметтері үшін» беделді Халықаралық марапаты берілді.

Қазақстан • 13 Наурыз, 2020

«Келешегі жоқ ауыл» болмауы керек

Мен мансап иесі болған емеспін, еңбек көрігінде шыңдалған адаммын. Екі қоғамда да ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қостым.

Абай • 13 Наурыз, 2020

Ұлылықпен ұғысу

Ақиқатқа сараң қоғамда ағынан ақтарыла айтқың-ақ келеді. Айтасың да?! Кім-кімге қақпақ болғандай... Үстел үстінде үзеңгі бауың үзілердей шірене гөй-гөйлейсің?! Сыртыңды сынайсың, ішіңді мінейсің. Сөйтесің де айналаңа аңтарыла қарайсың. Тілің – тәуір, тірлігің – кәуір. Осы қазақтың сөзуарлығына дауа бар ма? Көргеніне емес, естігеніне иланатын елдің әдетіне жорисың-ау онысын тағы! Жазалайын десең, жалғызың. Опа бермес істің илеуіне түсіп, қарекет етерде қара басып қалатыны несі, бізді? Сондай да «қара шалдың қабағына бір қарасашы» деп нұқып жібергің-ақ келеді?!

Абай • 13 Наурыз, 2020

Хакімді тану дегеніміз...

Асылында, Абайды тану: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы-соқпақсыз жерде  өстім, Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!», – деген төрт жол өлеңнің мән-мағынасын танып-түсінуден басталатын сияқты.  

Қоғам • 13 Наурыз, 2020

«Болон» болашағымызға балта шауып жатқан жоқ па?

Елінің ертеңін ойлаған ел алдымен болашағына қызмет етеді. Кезінде ұлт көсемі А.Байтұрсынұлының «Ел – бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» деуінде үлкен ой жатыр. Тәуелсіздік алғанға дейін бізде ұлттық білім, ұлттық тәрбие беру жүйесі орыстық сипатта қалыптасты деуге болады.