Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20688 материал табылды

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Мемлекеттік қызметтердің 90%-ы электрондық форматқа көшіріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2020 жылдың соңына дейін әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 90%-ын электрондық форматқа көшіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша ведомствоның алқа отырысында Министр Біржан Нұрымбетов мәлім етті.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 8-ші баладан бастап сараланады

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларды 8-ші және одан кейінгі балаға саралауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Биыл қаңтарда қазақстандықтарға 200 млрд теңгеден астам зейнетақы төленді

Қаңтар айында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 62,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 138,4 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

100 • 17 Ақпан, 2020

«Социалды Қазақстан»: Халық композиторы – Құрманғазы

1936 жылы «Социалды Қазақстан» газетінің №25 санында шыққан «Халық композиторы – Құрманғазы» мақаласын назарларыңызға ұсынамыз. 

Экономика • 17 Ақпан, 2020

Қазақстандық тұз экспортының көлемі 61 есеге артты

2019 жылы елімізде 260 мың тоннадан астам тұз өндірілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға артық. Тұзбен ішкі нарықты қамтамасыз ету 2019 жылы 143 %-дан (243 мың тонна) асқан болатын. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен бейімдеу күшейтіледі - Біржан Нұрымбетов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2020 жылға арналған негізгі міндеттері бойынша алқа отырысында ведмство басшысы Біржан Нұрымбетов мүгедектерді әлеуметтік қолдау мен бейімдеу қай бағыттарда күшейтілетінін айтты.

Абай • 17 Ақпан, 2020

Абай әндері үнді елінде асқақтады

Қазақтың ұлы ақыны, философ, композитор және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу аясында биылғы 14 ақпанда Үндістандағы Қазақстан Елшілігінің қолдауымен «Панчшил балак» колледжінің оқушылар хоры Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін қазақ тілінде орындады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Жалақыны көтеру мониторингі үнемі жүргізіледі - Біржан Нұрымбетов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа отырысында ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов Қазақстанда еңбекақыны арттыру қалай жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Қазақстан • 17 Ақпан, 2020

735 мың адам жұмыспен қамтылады - Біржан Нұрымбетов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтуды 660-тан 735 мың адамға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы 2019 жылғы жұмыс қорытындысы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша ведомствоның алқа отырысында министр Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Қоғам • 17 Ақпан, 2020

Ақын Балғынбек Имашев Президентке хат жолдады

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев теледидардағы рейтинг қуған атышулы бағдарламалардың халыққа кері әсерін беріп жатқанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.