Елбасы • 20 Наурыз, 2020
Елбасы Республикалық қор құруды ұсынды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде бірқатар ұсыныс білдірді.
Елбасы • 20 Наурыз, 2020
Бүгінгі Қазақстанның негізін қалаған саяси қайраткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің тарихи міндетін ел алдында абыроймен адал атқарды. Бүкіл еңбегін ойша саралап көрсек, алып КСРО күйрегенде шыны секілді шашылып түскен сынықтардан мемлекет жинап, шекарамызды шегендеп, көпэтносты елімізде бірде-бір күрделі қақтығысқа жол бермей, қоғамдағы бейбітшілікті қамтамасыз еткен қажырлы ісін бәрінен жоғары қоятынымыз рас.
Елбасы • 20 Наурыз, 2020
Қазақстан – бүгінде халықаралық қоғамдастықтан өзгелермен терезесі тең ел ретінде ойып тұрып орын алған, мойындалған мемлекет. Егемен елдің көшін бастап, алға жетелеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елінің атын жер жаһанға жайды. Қашанда бірегей бастамаларымен, батыл қадамдарымен ерекшеленген Тұңғыш Президенттің Қазақстандағы билік транзитін бейбіт жолмен өткізген тарихи шешімі дүние жүзін таңғалдырды. Осынау оқиғаны басында алаң көңілмен қабылдаған қалың жұрт бүгінде бұл тағдыршешті қадамның дұрыстығына көз жеткізіп отыр. Елбасының ұсынуымен, халықтың таңдауымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстаған қазіргі уақытта Қазақстанда саяси сабақтастық салтанат құрып, тұрақты даму бағытынан айныған жоқ.
Руханият • 20 Наурыз, 2020
Ақ таңда көзімді ашып, теледидарды қосып қалып, естіген жаңалығымның бірінен денем түршікті. Осыдан біраз жыл бұрын Түркия әуежайындағы болған бір жайт есіме түсті.
Елбасы • 20 Наурыз, 2020
Қабылданып жатқан шаралар дер кезінде қолға алынды – Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан шаралар қазіргі қиын ахуалға сай дер кезінде қолға алынғанын атап өтті.
Экономика • 20 Наурыз, 2020
Кедергі жемқорлыққа итермелейді
Былтырдан бері Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкілдің басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қатысты арнайы мониторинг жүргізіп келеді. Әлеуметтік зерттеу барысында 6 мыңға жуық кәсіпкер арасында сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары, Ақтау мен Атырау қалалары жемқорлық өршіп тұрған аймақтар санатына ілінді.
Әдебиет • 20 Наурыз, 2020
Кітапханашылар кімге бағынады?
«Egemen Qazaqstan» газетінің 27 ақпан күнгі №40 санында шыққан «Ұмыт қалғандар кімнен қорқады?» атты мақалада мектеп кітапханашыларының мәселесін көтергендеріңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Мақалада шындық жазылған. Жаңа жылдан бастап білім мен мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы көтеріліп жатқан кезде мектеп кітапханашыларын ұмытып кетуі нағыз сорақылық емес пе? Сонда біз адам санатына мүлде жатпағанымыз ба?
Елбасы • 20 Наурыз, 2020
Н.Назарбаев Президент пен Үкімет енгізген шараларды қолдауға шақырды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде іске асырылып жатқан шараларды қолдауға шақырды.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2020
Келешектегі кәсіпкерлікке қадам
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Бизнес – инкубатор U – Smart инновациялық орталығының құрылғанына бір жыл болды. Бұл аса көп уақыт емес, бірақ орталыққа студенттер жиі жиналады. Білім соңында жүрген студенттің мақсаты көп. Бүгінгі жастар күнделікті дәріс тыңдап, соның аясында ғана семинар сабақтарына дайындалуды місе тұтпайды. Ұстаздықты қалап келген студент білім алумен бірге өз кәсібін ашуды да армандайды. Ал арман шарқ ұрып ізденгенде ғана қол жетер биік екенін әр студент жақсы түсінеді. Білім ордасындағы Бизнес – инкубатор U – Smart инновациялық орталығы осыған мүмкіндік жасап отыр.
Елбасы • 20 Наурыз, 2020
Біз қазір үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз – Елбасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына үндеу жариялады.