Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

Шымкентте жалдамалы пәтерден екі сарбаздың денесі табылды

Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 24 Ақпан, 2020

Президент Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразия экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 24 Ақпан, 2020

Елордада су басу қаупі бар 30-дан астам учаске анықталды

Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Комиссия қала аумағында су басу қаупі бар 30-дан астам учаскелерді анықтады. Көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ арықтарды, нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан басқа, Есіл өзенінің арнасын (Ш. Бейсекова көшесіндегі көпірге дейін аудан) кеңейту жұмыстары аяқталды. Арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 24 Ақпан, 2020

«Астана Операда» П.Чайковскийдің мерейтойы атап өтіледі

1 наурыз күні «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына атақты композитор П.Чайковскийдің 180 жылдығына арналған симфониялық музыка концерті ұсынылады. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 24 Ақпан, 2020

Рустам Манарбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 24 Ақпан, 2020

Қазақстанда 19 мың шетелдік азамат еңбек етуде

2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 137 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 24 Ақпан, 2020

Иран мен Түркия шекарасында 4,8 балдық жер сілкінісі болды

Кеше жергілікті уақытпен түнгі 23:44-те болған, зілзаланың магнитудасы 4,8 балды құрап отыр. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады. 

Тағайындау • 24 Ақпан, 2020

Д.Бекманов Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығымен Дәулет Нысанқұлұлы Бекманов Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 24 Ақпан, 2020

С.Жақсыбеков: Жеңіл өнеркәсіп саласы терең зерттеуді талап етеді

Парламент Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Шымкент қаласында кәсіпкерлермен және «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Shymkent» ӘКК» акционерлік қоғамдары мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының басшыларымен кездесті. Бұл шара «Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі: жоғары өнімді бизнестің қазіргі жай-күйі және даму келешегі» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауларға дайындық аясында өткен болатын. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 24 Ақпан, 2020

О. Оразалин: Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандарға артылған сенім мол

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Президенттік жастар кадр резервінен іріктелген мамандармен жиын өткізді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.