Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Тарих • 25 Ақпан, 2020

Конструктор Дегтярев пен пулеметші Жүнісов

Тілші тірлігі қызық. Қиын. Сонымен бірге керемет. Бұлай дейтініміз, алдымен елден бір нәрсені естисің. Сонда: «Жақсы жаңалық екен. Мұны жұртқа тез жеткізу керек», – дейсің жүрегің лүпілдеп. Бірақ іле-шала басқа, одан да ғажап тақырып табылады да соның жетегінде кетесің. Сөйтіп әу бастағы қолға аламын деген ісің уақытша тоқтайды. Бірте-бірте көмескі тартып, ұмытылады. Тек жылдар өткен соң барып, алдыңнан сол мәселеге қатысты нақты дерек шыға келгенде, бәрі де санаңа қайта сап ете түседі. Сонда ғана барып: «Мұны неге ұмытқанмын?» – дейсің өкініп. Сөйтесің де сол тақырыпқа керекті жайттарды жанұшыра іздейсің.

Спорт • 25 Ақпан, 2020

Тайсон, Холифилд, Льюис үштігі Лас-Вегаста құрметке ие болды

Дүниежүзілік бокс кеңесі Лас-Вегаста ауыр салмақтағы аңызға айналған үш чемпион Майк Тайсон, Эвандер Холифилд және Леннокс Льюисқа арнайы медаль табыстады.       

Медицина • 24 Ақпан, 2020

Жапониядағы круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді

Жапонияда коронавирус таралған круиз лайнерінде төрт қазақстандық Нұр-Сұлтанға келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 24 Ақпан, 2020

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің өкімімен қала әкімінің орынбасары болып Алмасбек Кеңесбекұлы Мамытбеков тағайындалды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 24 Ақпан, 2020

Иранда жер сілкінісінен 70-тен астам адам жараланды

Иранның Хой қаласында жер сілкінді. Салдарынан 70-тен астам адам зардап шеккен. Қуаты 5,7 баллға тең зілзала Иран мен Түркия арасындағы шекаралық аймақта болған. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады.

Президент • 24 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы Қазақстанның Украинадағы жаңадан тағайындалған елшісі Дархан Кәлетаевты қабылдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 24 Ақпан, 2020

Нұр-Сұлтанда «Көктем–2020» республикалық оқу жаттығулары өтеді

Оқу-жаттығу жұмысын өткізу барысында су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің дайындығына байқау жүргізіледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда • 24 Ақпан, 2020

Елорда кітапханаларының дизайнын өзгерту ұсынылды

Қала кітапханаларының оқу залдарына келушілерді көптеп тарту үшін елордада заманауи кітапхана дизайны ұсынылды. Мәдениет және спорт басқармасының басшысы Нұрлан Сыдықов кітапхана дизайны туралы пікірімен мәслихат депутаттарымен бөлісті, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Президент • 24 Ақпан, 2020

Мемлекет басшысы «Air Astana» әуе компаниясының президентін қабылдады

Кездесу барысында Питер Фостер Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық әуе компаниясының қазіргі жағдайы мен оны дамытудың жоспары, атап айтқанда, жолаушылар тасымалының ішкі көлемін арттыру және жаңадан ашылған шетелдік бағыттар, әуе билеттерінің бағасын арзандату шаралары жайында баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кино • 24 Ақпан, 2020

27 ақпанда киножобалар питчингі басталады

2020 жылдың 27 ақпанынан наурыздың 6-на дейін өткен жылдың қазан айында басталған мемлекеттік қаржылық қолдауға үміткер фильмдерді іріктеу аясында киножобалардың байқауы өткізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.