Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21731 материал табылды

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

Өнеркәсіптік қалдықтардың шамамен 8 мың тоннасы қолданылады

Қазақстанның автомобиль жолдары саласы табиғи ресурстарды сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосуда. 2015 жылдан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, жаңарту кезінде мамандар өнеркәсіптік қалдықтардың 7 млн 730 мың тоннасын пайдаланды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

Үкімет комиссиясы Қордайдағы оқиға салдарынан қаза тапқан Д.Әбдірахымның отбасына барды

Үкімет комиссиясы Әлжан ана ауылында Қордай ауданында болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

​​Қазақстан өз азаматтарын Қытайдан эвакуациялауды жалғастырады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық азаматтарды коронавирусты жұқтырудан қорғау жөнінде іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес, Үкімет ҚХР аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Telegram-каналында жарияланды.

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

ҚХР-мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда

ҚХР мен шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 10 Ақпан, 2020

Шорт-тректен ел құрамасы әлем кубогінде тоғызыншы болды

Германияның Дрезденінде шорт-тректен әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

100 • 10 Ақпан, 2020

«Социалистік Қазақстан»: әл-Фарабидің туғанына - 1100 жыл

1975 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №212 санына шыққан «Шығыстың шалқар ойлы ұлы ғалымы әл-Фарабидің туғанына 1100 жыл» атты мақаланы назарларыңызға ұсынамыз. 

Қазақстан • 10 Ақпан, 2020

2019 жылы Қазақстанда 111,1 млн тонна көмір өндірілді

Өткен жылы еліміздің көмір өндіруші компаниялары 111,1 млн тонна көмір өндірді. Энергия өндіруші кәсіпорындарға 57,2 млн тонна көмір жөнелтілсе, өнеркәсіптік кәсіпорындарға 6,3 млн тонна көмір жеткізілді. Ал коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер мен халыққа 11,4 млн тонна көмір жөнелтілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 92%-ды құрайды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 10 Ақпан, 2020

Қытай: Коронавирус құрбандарының саны 908-ге жетті

Қытайда коронавирустен зардап шеккендердің саны 908-ге жетті, 40,1 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды, 3281 адам сауығып, ауруханадан шығарылды. Бұл туралы ҚХР үкіметінің денсаулық сақтау комитеті хабарлады.

100 • 10 Ақпан, 2020

«Социалистік Қазақстан» газеті: Фараби мұрасы және оны зерттеу

«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған жаңа айдардың кезекті материалын назарларыңызға ұсынамыз. «Фараби мұрасы және оны зерттеу» мақаласы 1975 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінің №59 санына шыққан.

Қоғам • 10 Ақпан, 2020

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

10 ақпан күні елордада көшпелі бұлт, түнде қар, кейде тұман және көктайғақ күтілуде. Солтүстіктен соғатын жел екпіні 5-10м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз - 16-18°С.