Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19579 материал табылды

Руханият • 07 Желтоқсан, 2019

Алматыда «Қара майордың» құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты әскери бөлімде аты аңызға айналған «Қара майор», полковник Борис Керімбаевқа арналған ескерткіш тақтасының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 07 Желтоқсан, 2019

Қ.Тоқаев Фраунхофер институтының бөлім директорымен кездесті

Мемлекет басшысы Фраунхофер институтының сыртқы байланыстар бөлімінің директоры Йенс Нойгебауэрмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғам • 07 Желтоқсан, 2019

Дарынды оқушыларды қолдаудың Жол картасы: мүмкіндіктер қандай?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деп Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған болатын. Сонымен қатар ол осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін айтқан еді. Осы ретте, Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының 55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша Жол картасы әзірленді. Көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балалар қалай іріктеледі, оларға қандай қолдау шаралары көрсетіледі? Ауылдық жерлердегі талантты оқушылар назардан тыс қалмауы үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруда қандай санаттағы балаларға жеңілдіктер қарастырылған? Бұл туралы Рrimeminister.kz шолу материалында жазды.

Президент • 07 Желтоқсан, 2019

Президент Германия бизнесінің өкілдерімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Германияға жасаған ресми сапарының екінші күнгі бағдарламасының аясында неміс компанияларының басшыларымен бірнеше кездесу өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 07 Желтоқсан, 2019

Елордада каратеден Әлем чемпионаты басталады

Нұр-Сұлтанда киокушинкай каратеден ерлер мен әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Әлем Чемпионаты басталады. Шараға орай Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясының бас хатшысы Аманқұлов Фархат, Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы бас директоры Абат Имамбаев, KWU бас хатшысы Александр Пичкунов, IV-ші Әлем Чемпионатының бас директоры Сергей Суворов, KWU  бас продюсері Игорь Петрухиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019

Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады

Елорда әкімі Алтай Көлгінов прокуратура ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге төсбелгілер, медальдар мен грамоталар табыс етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 06 Желтоқсан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті

Кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 06 Желтоқсан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты

Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Берлин еуразиялық клубы өз маңыздылығын дәлелдегенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 06 Желтоқсан, 2019

2020 жылғы Олимпиада ойындарына қазақстандық делегацияның киетін киім үлгілері талқыланды

Нұр-Сұлтандағы Ұлттық Олимпиадалық комитет кеңсесінде отандық спортшылар 2020 жылғы Токио Олимпиадасына киетін парадтық және спорттық формалардың, сондай-ақ ұлттық құраманың экипировакасының дизайнын дайындау жөніндегі конкурс комиссиясының арнайы отырысы өтті. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Спорт • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстандық он спортшы ХОК стипендиясын иеленді

Халықаралық Олимпиада комитеті олимпиадалық қысқы спорт түрлеріндегі Халықаралық федерациялармен бірлесе отырып, он қазақстандық спортшыға 2022 жылы Қытайда өтетін Олимпиада ойындарына дайындалу мақсатында арнайы стипендия бөлді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.