Саясат • 21 Ақпан, 2020
Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге ниетті
Ташкент қаласында «Uzbekistan Airports, Aviation & Logistics Forum 2020» халықаралық авиация-логистикалық форумы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Өзбекстан Республикасының Көлік министрі Эльяр Ганиевпен, Әуе көлігін дамыту департаментінің бастығы Ұлықбек Бекташевпен, сондай-ақ «Uzbekistan Airports» АҚ Басқарма төрағасы Ровшан Исмаиловпен кездесуі өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Н. Мұқышев әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудың 2019 жылғы нәтижелерін қорытындылады
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2019 жылы әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру бойынша жұмысының қорытындыларын жариялады. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 21 Ақпан, 2020
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға ЕҚЫҰ қолдау білдірді
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары А.Шәкіров бастаған Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Венада өтіп жатқан 19-шы сессиясына қатысуда. Делегация құрамында Сенат депутаттары М.Бортник, Т.Мұқашев және Мәжіліс депутаттары С.Абдрахманов пен Ж.Ахметбеков бар. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Сенат депутаттары Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің жобасын талқылады
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері еліміздің Жоғарғы Сотында болып, сот жүйесінің жұмысымен танысты. Сенат депутаттары Жоғарғы Соттағы судьялар алқасының мүшелері және Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің және оған ілеспе заң жобасын талқылауға қатысты.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов Үндістанда халықаралық сыйлыққа ие болды
Нойда қаласындағы Амити университетінде «Өзгеріске шақыру: технологиялық қоғамдардағы бизнесті басқару стратегиясы» INBUSH ERA-2020 Бүкіләлемдік саммиті өтті. Онда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов халықаралық сыйлыққа ие болды. Бұл туралы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 21 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Әзірет-Сұлтан мешітіне барды (видео)
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет-Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жаңадан сайланған бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлымен кездесті. Қазақстан Президенті бас мүфтиді жаңа лауазымымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Қоғам • 21 Ақпан, 2020
Елордада кімдерге тіс протезі бойынша тегін қызмет көрсетіледі?
Қалалық мәслихатының шешімімен мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек шеңберінде бағалы металдардан жасалған протездерден басқа тіс протездеу түрлері бойынша тегін қызмет көрсетіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Жәдігер болып қалмау үшін «Жәдігер» орталығын құрды
Ресейдің Қостанаймен іргелес Челябі облысындағы Злотоуст қаласында «Жәдігер» қазақ ұлттық-мәдени орталығы құрылып, оған арнайы бөлінген кабинет жасақталды. Осы қаладағы қазақ диаспорасының белсендісі Әлия Нұғманованың айтуына қарағанда, орталықтың осыған дейін аты бар да, заты жоқ болатын. Енді оған кабинет бөлініп, орталық жұмысына жан кіргендей болды. Кабинетте жергілікті қазақ диаспорасы өкілдерінен жиналған көненің көзіндей тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер үлгілері қойылды.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
FlyArystan: Петропавлдан Алматыға әуе рейсі ашылды
FlyArystan Петропавлдан Алматыға әуе рейсін ашты. Екі қала арасындағы біржақты байланыс құны 10 мың теңгеден басталады.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
Республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді
Қазақстанның алты облысындағы республикалық тас жолдардың 17 учаскесінде жол қозғалысы шектелді. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.