Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Педагог мәртебесін педагог көтереді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды. Өз кезегінде Білім және ғылым министрлігі заңды іске асыру кезеңіне көшетінін мәлімдеді. Ұзақ жылдар бойы мұғалімдердің күткен арманы орындалды, ұстаздар құқығы кеңейтілді. Жүктемесі азайды, қосымша жұмыстардан босады. Жалақы біртіндеп көбейеді. Енді «Шебер педагог», «Үздік педагог» боласың ба, бәрі өзіңе байланысты.
Қаржы • 19 Ақпан, 2020
БҰҰ Даму бағдарламасы еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ-мен бірлесіп, жасыл технологияларды іске асыратын компанияларға қаржылық қолдау көрсетуде.
Қоғам • 19 Ақпан, 2020
Қостанай облысында халық тұтынатын электр қуатының бағасы қымбаттайды. Қазіргі тариф бойынша өңірдегі әр отбасы орта есеппен 175 кВт электр қуатын тұтынып, оған айына 2433 теңге төлеп келген. Енді 1 ақпаннан бастап мұның үстіне 175 теңге қосылып, әр отбасы төлейтін токпұл көлемі 2608 теңге болады.
Парламент • 18 Ақпан, 2020
Дариға Назарбаева: Азық-түлік өнімдері қолжетімді болуы керек
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында еліміздің мемлекеттік органдарының өкілдерінің және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің қатысуымен ет өндірісі саласының қазіргі жағдайына арналған кездесу өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2020
БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметі БАҚ өкілдеріне таныстырылды
БҰҰ кеңсесінде Қазақстанда тіркелген БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен және 30-дан астам бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бірге баспасөз-таңғы асы өтті. Құрметті қонақтар ретінде - ҚР СІМ Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов, «Қазақстан Медиа Альянсы» РҚБ басқарма төрағасы Арманжан Байтасов, ҚР БҰҰ жаһандық коммуникация департаментінің басшысы Властимил Самек, ҚР ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры Криста Пиккат болды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 18 Ақпан, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысына «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының 2019 жылғы қортындылары жайында баяндалып, Smart sity тұжырымдамасының орындалу барысы, «Смарт Ақкөл» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 18 Ақпан, 2020
Хорлан Жақанша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды
Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан командасы алғашқы жүлдесін иеленді. Грек-рим күресінен 55 келіде сынға түскен Хорлан Жақанша үздік үштікке енді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Спорт • 18 Ақпан, 2020
Сергей Вертянкин: Батуттағы гимнастикадан олимпиадаға жолдама алуымыз мүмкін
Әзербайжан астанасы Бакуде батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі аяқталды. Аталған сында қазақстандық Пирмаммад Алиев пен Данил Мұсабаев синхронды секіруден қола жүлдегер атанды. Ал жекелей жарыста Мұсабаев 15-ші, Алиев 46-шы сатыдан көрінген болатын. Бұл жайында Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 18 Ақпан, 2020
Президент Қарулы Күштердің Бас барлау басқармасының штаб-пәтеріне барды
Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемнің тынышсыз аймақтарындағы қауіп-қатерлер жайында баяндалды. Сонымен қатар Президент Бас барлау басқармасы бөлімдерінің заманауи үлгідегі әскери құрал-жабдықтарымен және техникаларымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2020
Е. Біртанов Жапония жағалауында жабық лайнердің бортында қалған қазақстандықтар жайлы айтты
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Жапония жағалауында жабық лайнердің бортында қалған қазақстандықтардың денсаулығы жайлы ақпарат берді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.