Елбасы • 19 Ақпан, 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жөнінде баяндады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Ақпан, 2020
Мәжіліс жұмысын көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдау туралы құжатпен бастады
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті. Онда бірқатар ратификациялық заң жобалары мақұлданды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2020
Қазақстан мен Сербия ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Қазақстан мен Сербия арасындағы ғылыми-академиялық, сондай-ақ цифрландыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты ілгерілету мәселелерін талқылау мақсатында, Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының Білім, ғылым және технологиялық даму министрі Младен Сарцевичпен кездесті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2020
Мобильді қосымша арқылы жол сапасына қатысты ұсыныстар жіберуге болады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК-мен, «Вайпойнг» компаниясымен бірлесіп, осы жылдың наурызында «Азаматтық байқау» мобильді қосымшасын іске қосады. Ол еліміздің құзіретті органдарына қазақстандықтардың елдегі жол төсемелерінің сапасына қатысты сауалдары мен ұсынымдарына жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2020
Дастан Рыспеков Туризм индустриясы комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Дастан Адайұлы Рыспеков Президенттік жастар кадрлық резервінен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Ақпан, 2020
Сенаторлар жеміс-көкөніс шаруашылығына инвестиция тарту мәселесін көтерді
Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшелері жеміс-көкөніс мәселелері бойынша ғалымдармен және бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Басылым басшылары • 19 Ақпан, 2020
Басылым басшылары - Уәлихан ҚАЛИЖАН (1948)
Уәлихан Қалижан Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Бесмойнақ ауылында дүниеге келген. Алматыдағы № 12 мектеп-интернатта оқып, 1966 жылы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түседi. Осы жоғары оқу орнын тәмамдаған соң еңбек жолын Алматы облыстық «Жетiсу» газетiнен бастап, сырттай аспирантурада оқыды. 1978 жылы «Ақмолла ақынның өмiрi мен творчествосы» атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Білім • 19 Ақпан, 2020
11-сынып оқушылары үшін «iTest: Үздік нәтиже» байқауы өтіп жатыр
2020 жылдың 3 ақпанынан 17 шілде аралығында жыл сайын өткізілетін «iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды. Бұл – Қазақстанның барлық 11-сынып оқушыларына жоғары оқу орнына грант ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік.
Басылым басшылары • 19 Ақпан, 2020
Басылым басшылары - Нұрлан ОРАЗАЛИН (1947)
Нұрлан Оразалин Алматы облысы Ұйғыр ауданы Көкбастау ауылында дүниеге келдi. 1965 жылы орта мектептi бiтiрген соң, Қазақ мемлекеттiк университетiнiң филология факультетiне оқуға түстi.
Президент • 19 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдады
Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.