Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Үкімет • 23 Қаңтар, 2020

АШМ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл талқыланды

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлескен ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлықтың алдын-алу жөнінде жиын өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

Алдағы күндерде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК  23-25 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Үкімет • 23 Қаңтар, 2020

Пекинге қазақстандық сиыр етінің алғашқы партиясы жеткізілді

ҚХР астанасы Пекиндегі «Синьфади» ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық көрме орталығында жетекші қазақстандық компаниялардың жоғары сапалы мұздатылған өнімінің бірінші партиясын жеткізуге арналған ресми шара өтті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

Елордада боранға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді

Елордада боранның кесірінен 32 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Одан бөлек, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің де жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2020

Елордада екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды

Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы хабарлады.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

ОҚМУ шәкіртақыны бірінші болып көтерді

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттер мен магистрант, докторанттардың стипендиясының көлемін еліміздегі жоғары оқу орындары ішінде алғаш болып көтерді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020

«Балқаш» әуеайлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды

«Балқаш» әскери әуеайлағы енді кез-келген жойғыш, бомбалаушы, әскери-көлік авиациясы сынды ұшу аппараттарының, сонымен қатар, Boeing және Airbus түріндегі ауыр салмақты тікұшақтары қонып, ұшатын болады. Әуеайлақ пайдалануға берген сәттен кейін 52 жылдан соң жөндеуден өткен. Алғаш рет 52 жыл ішінде әуеайлақта күрделі жөндеу жүргізілді, ол 2 жылға созылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Абай • 23 Қаңтар, 2020

Ұлы Абай мұрасы Кереку елінде

Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ертіс» мультимедиалық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай мұрасы» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020

Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы қар тазалау жұмыстарын жүргізу барысын тексерді

Аймақ басшысы қаланың орталық көшелерін аралап, Зеленстрой, Восточный және Екінші Павлодар шағын аудандарында болды. Ол қалалық  басшылар мен коммуналшыларға әлеуметтік нысандардың жанындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолақтарын  тазалауға баса назар аударуды тапсырды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 23 Қаңтар, 2020

Марат Қожаев әскери қызметшілерді марапаттады

Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев аға лейтенант Айдос Сәдуов пен сержант Жандос Шаймардиновты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдармен марапаттады. 2019 жылғы желтоқсан айында кезекті патрульдеу барысында олар жоғары вольтты кабель ұрлауға әрекет жасаған төрт адамды қолға түсірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.