Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Әлем • 23 Қаңтар, 2020

Аустралия табиғаты қашан қалпына келеді?

Аустралиялық өртке қарсы қызметтің хабарлауынша, алапат өрт жайпап кеткен Аустралия табиғатының қайтадан қалпына келуі 100 жылға дейін созылуы ықтимал.

Экология • 23 Қаңтар, 2020

Камера алдында ойқастаған қар барысы

Таяуда Алматы мемле­кеттік табиғи қорығын­дағы фототұзақ объективіне үш қар барысы түсті.

Экономика • 23 Қаңтар, 2020

Үш жылға салықтан босатылды

Өткен жылдың соңында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев микро және шағын бизнесті табыс салығынан үш жыл­ға босататын заңға қол қойды. Ұлттық экономи­ка министр­лігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық акті­леріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, са­лық заңнамасын және темір жол көлігі туралы заң­наманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу ту­ралы» заңы арқылы 2020 жылғы 1 қаң­тардан 2023 жыл­ғы 1 қаңтарға дейін бірқатар отандық салық төлеу­ші­лер салық төлеуден босатылды.

Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Рухани жаңғырудың негізгі кілті

Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына сай бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналып отыр. Өйткені сананы жаңғырту ар­қылы ХХІ ғасырда елі­міз­дің тың серпінмен дамуы­на жол ашылмақ. Осы ретте қазақ елінің ұлттық сана­сын көтеруде бас ақын Абай Құ­нанбайұлы туынды­лары­ның ерекше орын алатынын ескеруіміз керек.

Абай • 23 Қаңтар, 2020

Абай мұраты – елдік мүдде мен бірлік көрінісі

Абай әлемінің мың сан арналы бағыт-бағдары, қазақ сөзінің құдіреті мен қасиеті, ондағы ұлттық-қоғамдық, тарихи-фәлсафалық, мәдени-рухани Һәм танымдық-тәрбиелік мәні мол мүмкіндіктері мен сыр-сипаттары қазіргі кезеңде де маңызы мен құндылықтарын жоғалтқан жоқ. Ол, әсіресе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты бағдарламалық мәні мен тұжырымы терең, тағылымы мол мақаласынан анық аңғарылады.

Руханият • 23 Қаңтар, 2020

Тағылымы мол тарихи мақала

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы түйсігі бар кез келген адамды терең ойландыратын, тек ойландырып қана қоймай, тәрбие, тағылым беретін, өте салмақты, терең жазылған рухани бағыттағы бағдарламалық мақала. Бұл жай ғана мақала емес, бұл еліміздің, ұлтымыздың тағдыры, келешегі туралы Мемлекет басшысының терең толғанысы. Қ.Тоқаев Абай шығармаларымен терең танысып, зерттеп, талдап, ойшыл бабамыздың айтқан өсиеттерін өте түсінікті тілде оқырмандарға жеткізіп, қоғамымыздың алға дамуына, рухани жаңғыруына тиімді пайдалана білу жолдарын көрсетті.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2020

Ұстаздың алдын кеспейді

Көпке топырақ шашқымыз жоқ, бірақ қоғам қайраткерлері ретінде аталып жүрген мақтаулы мұғалімдер арасында аракідік болса да аттарына кір келтіріп жүргендер кездеседі. Алқалы жиында қаржы полициясы мен прокуратура қызметкерлері сыбайлас жемқорлық көбіне білім ошақтарында кездесетінін жасырмайды. Тіпті, Елбасының өзі бірде мектепке еден жуушы қабылдайтын болса, одан пара дәмететін директорлар бар екенін атап көрсетіп, бұған жол беруге болмайтынын қатаң ескертті. Бәлкім, бұған қоғамның әр саласындағы ат тізгінін ұстаған игі жақсылардың да үлесі бар шығар. Өйткені олар мұғалімді баласы мектеппен қоштасар кезде немесе немересі бастауыш сыныпқа барарда ғана еске түсіреді. Міне, қоғамнан осылай бөлектеніп қалғандықтан ба, мектеп оқшаулана берді. Тіпті, ондағы тіршілікті бағамдау мен байыптаудан қалғандаймыз. Неге? Оның бірқатар себеп-салдары бар.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2020

Отыздан астам жоғары оқу орны шәкіртақы көлемін 25 пайызға арттырды

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылдан бастап жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясын 25 пайызға көтеру межеленгені белгілі.

Президент • 22 Қаңтар, 2020

Президенттің Абай туралы мақаласы түрік газетінде жарық көрді

Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетінде жарық көрген «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы Түркияның «Önce Vatan» басылымына шықты. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жариялады. 

Парламент • 22 Қаңтар, 2020

Сенаторлар дәрілік заттардың бағасын бақылаудағы өзекті мәселелерді талқылады

Парламент Сенатында Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары тегін медициналық көмектің кепілді көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында бірыңғай дистрибьютер қызметін жүзеге асыратын «СК-Фармация» серіктестігінің басшылығымен компанияның жұмыс тиімділігі мәселелері бойынша кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.