Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19568 материал табылды

Әлем • 30 Қазан, 2019

Кеңестің кезекті басқосуы

Вашингтонда (АҚШ) Америка-Орталық Азия сауда және инвестиция­лар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Түрікменстан, Ауғанстан министрлері (бақылаушы мәртебесі), Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Пәкістан министрлерінің орынбасарлары (бақылаушы мәртебесі), сондай-ақ АҚШ Сауда өкілі кеңсесінің басшылығы қатысты.

Қоғам • 30 Қазан, 2019

Мұғалімдерге қолдау көрсету күшейтіледі

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек және Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов осыдан екі жыл бұрын «CA Garden Schools» жеке компаниясының басқаруына берілген №54 мектеп-лицейдің жұмысымен танысты.

Қоғам • 30 Қазан, 2019

Бірқатар ғылыми мекемеде болды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы бірқатар ғылыми-зерттеу орталықтары мен жоғары оқу орындарында болып, аталған мекемелердің қызметімен танысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Үкімет • 29 Қазан, 2019

XII Министрлік конференция Нұр-Сұлтанда өтеді

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Женеваға сапары аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік Сауда Ұйымы арасында ДСҰ-ның XII Министрлік конференциясын өткізу туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 29 Қазан, 2019

Мемлекет басшысы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 29 Қазан, 2019

Қазақстан Президенті «Инвестиция үйіне» барды

Мемлекет басшысына Алматы қаласындағы «Инвестиция үйінің» негізгі қызметтері жайында мәлімет берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 29 Қазан, 2019

Президент «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігіне барды

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің БЦСА балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 29 Қазан, 2019

Дана Нұржігітова жұмыс сапарымен Италияға барды

Парламент Сенатының депутаты Дана Нұржігітова балалардың көші-қон үдерістеріндегі құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету жүйесін жақсарту жөніндегі тәжірибені зерделеу үшін Италияда болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 29 Қазан, 2019

Ә.Ш.Кенжеғұлов ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Ә.Ш. Кенжеғұловты ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградтау туралы қаулыға қой қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 29 Қазан, 2019

Сенат мобильдік қолданбаны іске қосты

Android және IOS тұғырнамаларында Senate мобильдік қосымшасының іске қосылғандығы жайлы хабарлаймыз. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.