Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2020

Владимир Волков Қарасай ауданында болды

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков Алматы облысына жұмыс сапары аясында Қарасай аудандық прокуратура қызметкерлерімен кездесіп, бірқатар нысандарды аралады.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2020

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндет

Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдарының құ­қық­тық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне толық баға беру үшін, әуелі кри­миногендік жағдайға талдау жасаған жөн. Өйткені Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қандай жағдай орын алғаны әлі көз алдымызда. Қазақстанда, басқа да жаңа тәуелсіз республикалардағы сияқты экономикалық дағдарыс басталды. Шаруашылық байланыстар үзіліп, зауыттар мен фабрикалар тоқтап қалды. Адам­дарға жалақы, зейнетақы, жәр­демақы төленбеді. Осындай ауыр жағдайда қылмыстардың са­ны тым шарықтап кетті. Қарақ­шылық, ұрлық-қарлық кең етек алды. Тіпті темір жол көлігінде мемлекеттік жүктер де тоналды, әскерде әскери мүлікті тасып әке­тушілік болды. Жасырын тауар айналымы ұлғайды.

Руханият • 07 Қаңтар, 2020

Мәмен кесенесі: күй тарихымен үндестік

Құрманғазының алдын көрген шәкірттерінің ішінде шоқтығы биік тұлғалардың бірі – Мәмен Мұратұлы. 1868 жылы Орал облысына қарасты Жаңақала ауданы, Қарасамыр мекенінде дүниеге келген.

Тарих • 07 Қаңтар, 2020

Батырбек Датқаның болыс ұлдары

Батырбек Датқа бабамыз туралы абайтанушы, академик Мекемтас Мырзах­метов, әйгілі кардиохирург Сейітхан Жошыбаев, ақын Арғынбай Бекбосын, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, т.б. зиялы қауым өкілдері көлемді, деректі мақалалар жазып, олар республикалық, облыстық басылымдарда жарияланды.

Парламент • 06 Қаңтар, 2020

Сенат депутаттары Шымкенттің белсенді жастарымен кездесті

Парламент Сенатының депутаттары Айгүл Қапбарова мен Нұрлан Бекназаров Шымкентке іс-сапары аясында үшінші мегаполистің белсенді жастарымен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 06 Қаңтар, 2020

Сенат депутаттары Железин ауданында болды

Парламент Сенатының депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатов Павлодар облысының Железин ауданындағы бірнеше нысандарда болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 06 Қаңтар, 2020

Нұрлан Қылышбаев Балқаш ауданында болды

Парламент Сенатының депутаты Нұрлан Қылышбаев жұмыс бабындағы сапармен Алматы облысындағы Балқаш ауданында болды. Сенатор аудан тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 06 Қаңтар, 2020

Дәурен Әділбеков жаңа үлгідегі аудандардың жұмысымен танысты

Парламент Сенатының депутаты Дәурен Әділбеков «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның, Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, білім басқармаларының, Көкшетау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы мен бөлімінің өкілдерімен бірге дөңгелек үстел отырысына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.