Президент • 14 Қараша, 2019
Президент жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Қазақстан • 14 Қараша, 2019
Цифрлық комиссарлардың ұсыныстары ведомствоаралық комиссияға шығарылады
Цифрлық комиссарлар Министрліккке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, ХҚКО және министрліктер мен ведомстволардың цифрлық жобаларына қатысты 50-ге жуық ескерту мен ұсыныс жолдады. Ұсынылған бастамалардың жартысы өз шешімін тапты. Мысалы, электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген өзгерістерге байланысты мемлекеттік қызметшілер ендігі уақытта электрондық өтініштерді жауып тастай алмайды. Азаматтардың өтінішіне қайтарылатын электрондық жауапқа шығыс нөмірі беріледі, сондай-ақ заңды тұлға басшысының ауысуы туралы мәліметтерді енгізу 3 күн ішінде жүргізілетін болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қараша, 2019
Қазақстанның ішкі нарығына 63 млн тоннадан астам көмір тиелді
2019 жылғы 12 қарашадағы жағдай бойынша коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 10,5 млн тонна көмір, энергия өндіруші кәсіпорындарға - 48,4 млн тонна және өнеркәсіп кәсіпорындарына - 5,9 млн тонна тиелді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 14 Қараша, 2019
«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беруде
2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 30 304 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қараша, 2019
Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық жаңа серпін алуда
Қазақстанның басшылығы Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті. Бұл ынтымақтастық Еуропалық комиссияның жаңа құрамы өкілеттік алып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы кең ауқымды келісімінің толық күшіне енуімен жаңа елеулі серпін алады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Брюссельдегі Euractiv медиа агенттігінің алаңында 13 қарашада өткен «Қазақстанның жаңа басшылығы:Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы қарым-қатынастарға қандай әсер болады?» атты дөңгелек үстел барысында баяндады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 14 Қараша, 2019
Түрік кинолары тегін көрсетіледі
Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі кинематография басқармасының қолдауымен 18-25 қараша аралығында елордада түрік фильмдері апталығын өткізеді.
Экология • 14 Қараша, 2019
Алматыны түсіну үшін, оған ұшқан құстың биігінен қарау керек сияқты. Сонда қазаншұңқырда орналасқан қалаға оттегі жетпей тұрғанын деммен ғана сезінбей, көзбен де көруге болады. Бұрынғы Алматыда ағаш көп, құрылыс аз болатын. Қазір керісінше құрылыс көп, ағаш аз.
Тарих • 14 Қараша, 2019
Талас құрылтайы – ұлттық мемлекетіміздің алтын көпірі
Биыл қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Талас құрылтайына 750 жыл толып отыр. Аса жоғары мәні бар оқиғаға орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Халықаралық Түркі академиясы және Жамбыл облысы әкімдігімен бірге «Талас құрылтайы: тарих пен тағылым» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді жоспарлауда.
Экономика • 14 Қараша, 2019
«Халықшыл мемлекет» феномені: сөз бен істің бірлігі
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған тұңғыш Жолдауында азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет» деп атап көрсетті.
Қоғам • 14 Қараша, 2019