Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтан қаласындағы Жедел медициналық көмек стансасы 52 жаңа автокөлікпен толықты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жедел медициналық жәрдем стансасына 52 жаңа автокөліктің кілтін тапсырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019

Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданының тұрғындарымен кездесті

Кездесу «ашық микрофон» форматында өтті. 60-тан астам адам 250-ден астам сұрақ қойды. Тұрғындар ауданның елді-мекендерін дамыту, газдандыру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы, қоғамдық тәртіп пен көлік қатынастары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін оңалту және жағдай жасау мәселелерін көтерді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019

Елордада полиция қызметіне көмек көрсеткен 500-ге жуық азамат марапатталды

24 желтоқсанда қалалық полиция қызметі басқармасы қоғамдық көмекшілермен 2019 жылдың қорытынды кездесуін өткізді. Шара барысында елордалық ПД басшылығы ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесіп, қылмыстарды ашуға ат салысқан қоғамдық көмекшілер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін мадақтама қағаздарымен, бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019

Пойызда дүниеге келді

«Өскемен – Алматы» ба­­ғыты бойынша қа­ты­найтын №351 жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді. Виктория Марочкина бойы 46 см, ал салмағы 2,7 кило ұл баланы жа­рық дүниеге әкелді.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019

Қылмыстық іс жүргізуді жетілдіру жолдары

Қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-процестік құқықтың, сонымен қатар мемлекеттің құқықтық саясаттың маңызды саласы – қылмыстық саясат. Қазақстан өз тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, бұған дейін қолданылып келген 1959 жылғы Қылмыстық кодекс егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістерімен үйлеспейтіні, тиімді жұмыс жүргізуге мүмкіндік бермейтіні айқын болды.

Қоғам • 26 Желтоқсан, 2019

Шардараның төл перзентіне айналған азамат

Халық аманатына адалдық танытып, мемлекетіміздің әлеу­меттік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосып келе жатқан азаматтың бірі – Құдайберген Төлепұлы Ержан асқа­ралы 60 жасқа толды. Нағыз кемел шағына келген Құдай­берген Төлепұлының барлық өмірі, еңбек жолындағы жетістік­тері елдің көз алдында өтіп жатыр. Қазақта «50 – ердің жасы, 60 – ағалық жас» дейді. Ағалық жасқа өзінің абы­ройымен жетіп отырған мерейтой иесінің өткеніне бір сәт көз жү­гіртіп, халыққа жасаған қызметі жайлы сыр шертсек деп едік.

Экономика • 26 Желтоқсан, 2019

Мойнақ ГЭС-і еліміздің оңтүстігіне қажет электр энергиясын өндіреді

Желтоқсанның ортасына қарай Мойнақ ГЭС-і электр энергиясын өндірудің жылдық жоспарын мерзімінен бұрын орындап шықты. 19 желтоқсандағы жағдай бойынша МГЭС-тің электр энергиясын өндіруі жылдық жоспардағы 906 млн кВт сағаттың орнына 924,2 млн кВт сағатты құрады.

Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2019

Жұмысы жүйелі Қордай ауданы немесе өңірде атқарылған жұмыстар жайында

Қордай ауданы тұрғындардың саны мен жерінің аумағы жағынан облыс аудандары арасында көш бастап тұрғандықтан бұл жерге деген көзқарас ерекше. Бір жағы қырғыз елімен, бір жағы Алматы облысымен шектесіп жатқан ауданның стратегиялық маңызы да жоғары. Сондықтан экономикалық мүмкіндігі мол, тоғыз жолдың торабында жатқан ауданнан күтер үміт те көп.

Саясат • 26 Желтоқсан, 2019

Маңызды міндетке – жауапты көзқарас

Тұрақтылық – билік пен бұқара арасындағы сенімнен құралады. Ұлт жоспары әділеттілікке бағытталған кірпіштен қаланатын болса, онда ол елдің егемендігі мәңгі, тәуелсіздігі тұғырлы деген сөз. Міне, соған сай Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметінің басым бағыттарының бірі – жемқорлық көріністерінің алдын алу және оны болдырмау, сондай-ақ азаматтардың бо­йына адалдықты, әділеттілікті, парасаттылықты сіңіру.

Парламент • 26 Желтоқсан, 2019

Білімді ел – білікті ел

Көне дәуірдегі қытай ойшылы Лао-цзы біздің дәуірімізден бұрынғы V ғасырда «мыңжылдық жол бірінші қадамнан бас­та­лады» деген екен. Елбасы Н.Назарбаев Мәңгілік қазақ елі­нің болашақ дамуының бірінші қадамынан бастап, ұлттық құн­дылықтарды сақтай отырып, экономиканы қалыптастыру, өн­дірісті дамытуды қолға алды.