Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтанда «Поэзия падишасы» атты әдеби-сазды кеш өтті

Нұр-Сұлтан қаласындағы №78 мектеп-гимназияда Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Поэзия Падишасы» атты еске алу поэтикалық, әдеби-сазды кеші өтті.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада көпбалалы аналар алтын және күміс алқалармен марапатталды

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Байқоңыр» ауданы әкімінің орынбасары Ерлан  Жаулыбаевтың төрағалығымен аудандағы көп балалы аналар салтанатты түрде «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада иппотерапиямен айналысу үшін жабық манеж салынады

Елорда әкімдігінде ипподром базасында иппотерапия және ат спорты үшін жабық манежді салу талқыланды. Жоба мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүзеге асырылады. Балалармен арнайы оқытылған нұсқаушылар шұғылданады,сабақ үшін тек жуас аттар алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 12 Желтоқсан, 2019

Сенат комитетінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер қаралды

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасы бірінші оқылымда қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кино • 12 Желтоқсан, 2019

«Орбұлақ шайқасы» көрерменге жол тартады

«Qazaqstan» Ұлттық арнасы шағын қолмен жаудың қалың әскерін ойсырата жеңген қазақ батырларының ерлігі мен елдік жолындағы күресін әйгілеген Орбұлақ шайқасы туралы телехикая түсірді. Тарих парағына 376 жыл бұрын жазылып, «Қайталанбас оқиға» деп бағаланған бабалар жорығы осылайша ел жадында қайта жаңғыртылмақ. Жоба Тәуелсіздік мерекесіне орай  Ұлттық арна эфиріне шығады. Кеше елордада тарихи жобаның таныстырылымы өтті.  Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қатысып, отандық киноөндіріс саласының жылдан-жылға дамып келе жатқанын айтты.

Үкімет • 12 Желтоқсан, 2019

Ирактан қайтарылған балалар туыстарымен қосылды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні қарсаңында Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, еліміздің символы болып табылатын «Бәйтерек» монументінің басында үстіміздегі жылғы 27 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен гуманитарлық акция нәтижесінде Ирактан Қазақстанға қайтарылған балалар жақын туыстарына берілді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 12 Желтоқсан, 2019

Сенатта «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды

Парламент Сенатының отырысында 1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» кешенін жалға беру шартына өзгеріс енгізу туралы хаттама ратификацияланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 12 Желтоқсан, 2019

Елордада заңсыз салынған нысандар сүрілетін болады

Есіл аудандық сотының шешімімен Нұр-Сұлтандағы заңсыз бой көтерген нысандар сүріле бастады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 12 Желтоқсан, 2019

Нұр-Сұлтанда АҚИҰ штаб-пәтері ашылды

2019 жылғы 11 желтоқсанда «Астана» халықаралық қаржы орталығының ғимаратында Нұр-Сұлтан қаласында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының (АҚИҰ) штаб-пәтерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 12 Желтоқсан, 2019

Д.Назарбаева Мал шаруашылығы және ет-сүт кешенінің өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауларға дайындық аясында фермерлік одақтар мен агроөнеркәсіп кешені өнімдерін өндірушілер қауымдастықтарының басшыларымен бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.