Спорт • 20 Қаңтар, 2020
Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері халықаралық додада бес медаль алды
18-19 қаңтар күндері Ниццеде (Франция) грек-рим күресінен гран при бәсекесі өтті. Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері халықаралық додада бес медальға қол жеткізді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Елордада қар шығаруға арналған 4 полигон жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданының өзіне тиесілі 4 қар полигоны бар. Бұл полигондарға ірі мекемелер, құрылыс дүкендері, ойын-сауық орталықтары, жеке меншік мекемелер қар шығара алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 20 Қаңтар, 2020
Шағын және орта бизнес корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі
Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020
Жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданының Жалғызхан елді мекенінде есте қаларлық ерекше мүсіндер қойылды.
Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020
Алматыдан 356 км қашықтықта жер сілкінді
Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақытымен 09 сағат 17 минут 18 секундта жер сілкінісін тіркеді.
Руханият • 20 Қаңтар, 2020
Сарайшық – Жошы ұлысы билеушілерінің пантеоны
Бүгінде Жошы Ұлысы – Алтын Орда тарихындағы шешімін таппаған мәселенің бірі – Сарайшықтағы пантеон және ондағы жерленген ел билеген тұлғалар тарихы болып отыр. Сарайшық пантеоны 1475 жылғы венециялық монах Фра Мауроның картасында Жайықтың оң жағалауына салынған.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Тәжік-ауған шекарасында қызметін өтеген қазақстандық әскерилер және қаза тапқан 17 жауынгер туралы «Қазбат» атты көркем фильм түсірілген болатын. Сол 7-рота командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған, бүгінде құрметті зейнет демалысына шыққан запастағы полковник Берік Омаров әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлік пен жанқиярлық үлгісі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған-ды. Полковник Берік Ілесбекұлымен болған сұхбат тәжік-ауған шекарасындағы әскери қызмет жөнінде өрбіді.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020
Абай Тасболатов: Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді
Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы еліміздің қорғаныс қабілеті Отан қорғаушылардың біліктілігіне, жауынгерлік және патриоттық рухына байланысты екенін айқын түсінді. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштері құрылған жылдардан бері әскерді қалыптастыру үшін заң үстемдігінің маңыздылығына, әскери тәртіптің нық болуына жіті назар аударып: «Біз — егеменді елміз, және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі сыртқы және ішкі саясатымызды қалыптастыру ісінде жалпы құрылымында іргетас болуы тиіс.Сол себепті бізге заманауи, соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтылған, жоғары мобильді, егеменді елімізді қорғау мүддесі үшін кез келген жағдайда әрекетке дайын жаттыққан, үйренген әскер қажет», деген болатын.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020
Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортын тоқтатты
Тірі малдың жаппай экспорты ет өнімдері бағасының өсуіне негіз болды. Сонымен қатар қалыптасқан жағдай қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесінің төмендеуіне алып келді. Орташа алғанда 2019 жылы қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Олардың толық жұмыс істемеуінің негізгі себебі тірі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 20 Қаңтар, 2020
Лаура Демесінова: Ел игілігіне арналған бастама
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Президенттік жастар кадр резерві жобасы іске асты. Президенттік жастар кадр резервіне барлығы 13 мыңнан астам өтінім беріліп, Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша іріктелген 300 үміткердің тізімі жарияланды.