Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Парламент • 11 Желтоқсан, 2019

Шахмат – спортта да, өмірде де дұрыс қадам жасауға үйретеді

Мәжілісте түрлі жас санаттары бойынша әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Динара Сәдуақасовамен бір мезгілде ойын сеансы өтті. Парламент тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған халықаралық турнирге қазақстандық депутаттармен қатар, Армениядан, Қырғызстаннан, Молдовадан Парламент өкілдері қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

«Таңғажайып әуен» фестивалі өтті

«Дегдар» қайырымды­лық қоры және «Қазақ­концерт» мемлекеттік кон­церттік ұйымы Нұр-Сұлтан қаласында «Таң­ғажайып әуен» фес­тивалі аясында қайы­рымдылық концертін өткізді.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019

Түркістан адалдық мекеніне айналады

Түркістанның рухани негіз­дерін ескере отырып, қоғам арасында адалдық және парасаттылық құндылықтарының негіздерін насихаттау мақсатында бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен бірқатар тың идеялар қолға алынды. Соның бірі ретінде «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай Түркістанда алғаш рет халықаралық деңгейде өткен форумды атар едік.

Руханият • 11 Желтоқсан, 2019

Орынбор және қазақ зиялылары

Қазақ зиялыларының қалыптасуындағы Орынбор қаласының рөлі ерекше. Революцияға дейінгі уақыт аралығында провинциялық орталықтардағы оқу орындарының қызметіне көп көңіл бөлінгені белгілі. Өткенге үңілетін болсақ, Орынборда қазақ қоғамының көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғалымдары, ақындары мен жазушыларының көбі білім алды. Жалпы, Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында Орынборда қазақстандық ұлттық кадр­ларды даярлау тәжірибесі ерекше қарқынмен дамыды.

Президент • 11 Желтоқсан, 2019

Ел ертеңі – жалынды жастар

Егемен елдің жастары баянды болашақтың байрағын көтеріп, жарқын келешектің желкенін керіп келеді. «Мен жастарға сенемiн!» деп үкілі үміт, салқар сенім артқан Мағжанның жауһар жырына арқау болған ел ертеңі жастар мемлекет астанасында бас қосты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында жалынды жастар Жастар жылындағы жетістіктерімен бөлісті.

Президент • 10 Желтоқсан, 2019

Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 10 Желтоқсан, 2019

Әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері белгілі болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

«Өңір» депутаттық тобының Қарағанды облысында көшпелі отырысы болды

Сенаттың «Өңір» депутаттық тобы «Қарағанды облысындағы өнеркәсіп кәсіпорындарының өндіріс үдерістерін цифрландыру үлгісі» тақырыбы бойынша Қарағанды облысында көшпелі отырыс өткізді. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.