Қазақстан • 17 Қаңтар, 2020
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 15 қаңтардағы Жарлығымен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ерекше мәртебеге ие болды.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2020
Атқа міну мәдениетін насихаттады
Жуырда «Киелі Қазақстан» экспедициясы мүшелері Павлодар облысына жиналды. Аталған экспедицияның мақсаты – жылқыны қолға үйрету мәдениетін дәріптеп, ішкі туризмді насихаттау.
Экономика • 17 Қаңтар, 2020
Транзиттік тасымалдаудан 450 млрд теңге табыс тапты
Қазақстанның транзиттік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалану бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың қорытындысында Қазақстан арқылы тасымалданған транзиттік жүк көлемі 19,4 млн тоннаға жетті.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2020
Шаһар құрылысына үлес қосқым келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы бастамасын алғаш естігенде осы жобаға қатысып, бағымды сынап көремін деп талаптандым. Қазір бұл сынақтың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, еліміздің білімді, білікті, жігерлі 300 жас азаматының қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Кадр резервіне үмітті болған 13 мыңнан аса жастың бәрі жалындап тұр. Олардың арасынан ең мықтылары суырылып шықты. Сондықтан барынша ашық және әділ өткен іріктеудің нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласының жұмысы айтарлықтай ілгерілейтініне сенемін.
Парламент • 17 Қаңтар, 2020
Руханият • 17 Қаңтар, 2020
Еліміз тәуелсіздігінің әрбір кезеңдерінде биіктерден көрініп, экономикалық қуатының, әлеуметтік сапасының, саяси тұрақтылығының артуын қамтамасыз ету бағытында дамып келеді. Бұл орайда руханият саласына да айрықша мән берілуі қалтарыста қалған емес. Соның ішінде Елбасы – Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарлама жалпы қоғамдық серпін беріп отырғаны баршамызға аян.
Руханият • 17 Қаңтар, 2020
Қазақ халқының ұлы перзенті Абай 59 жыл өмір сүрген. Биыл оның дүниеге келгеніне – 175, дүниеден озғанына – 116 жыл. Бүгін бәріміз ұлы ақынды еске алудамыз, мұның, әрине келешекте де жалғасатыны сөзсіз. Туған жерінде ғана емес, тәуелсіз Қазақстанның әр аймағында, ауылда, қалада, күллі Түркі әлемінде барша әдебиетшілер, өнерсүйер, әдебиетсүйер қауым еске алады. Бұл бір ғұмырға бірнеше ғұмырды сыйғызу дегенге сай келеді.
Әлем • 17 Қаңтар, 2020
АҚШ-Иран дағдарысы: алда не күтіп тұр?
Иранның шетелдегі, атап айтсақ Таяу Шығыстағы әскери ықпалының символы саналатын генерал Қасым Сүлейманидің АҚШ тарапынан өлтірілуі бүкіл әлемнің назарын АҚШ-Иран дағдарысына аударды. Иранның қарсы соққысынан ешқандай америкалық әскерге нұқсан келмеуіне орай АҚШ президенті Трамптың жасаған «сабырлы» мәлімдемесі дағдарыстың әзірге саябырсығанын көрсетеді. Дегенмен Түркі-Ислам әлемінің қақ ортасында орналасқан Иранның болашағы Қазақстан үшін де маңызды екені айқын.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020
Елбасы Ибрагим Жаңғоразовтың жақындарына көңіл айтты
Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020
Елбасы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
Кездесу барысында сот жүйесіндегі реформаларды іске асыру аясында қабылданған іс-шаралардың орындалу барысы талқыланды.Бұл туралы Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.