Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020
Мақтааралда 5 елді мекеннің ауыз су жүйелері қайта құрылды
Мақтаарал ауданындағы 69 елді мекеннің 67-і орталықтандырылған ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 39 елді мекенде 24 сағат бойы, 28 елді мекенде кестемен берілудe. Бұл туралы Мақтаарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Алтай Көлгінов Президенттік кадрлық резерв мүшелерімен кездесті
Елорда әкімі Президенттік кадрлық резервке қатысушыларды әкімдікке жұмысқа шақырды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 16 Қаңтар, 2020
Дариға Назарбаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасын қайта қарауды ұсынды
Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева парламенттік тыңдауға дайындық аясында еліміздің «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингінің басшыларымен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020
Бүгін ауа райы құбылмалы болады
«КазГидромет» РМК қаңтардың 16-на арналған ауа райы болжамын жария етті.
Үкімет • 16 Қаңтар, 2020
Ақтоты Райымқұлова Қытай делегаттарын қабылдады
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қытайдың «Xinxin Xianguyang film culture Co., Ltd 901» кинокомпаниясының директоры, продюсер Фань Ликсинмен кездесті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 16 Қаңтар, 2020
Сенаторлар экологияны қорғау және орманды кесу мәселелерін талқылады
Парламент Сенатының депутаты Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапар барысында Қызылжар ауданындағы бірнеше ауылдық елді мекендерде болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 16 Қаңтар, 2020
Алға ауданының ауылдарында қарапайым дәрі-дәрмек жетіспей отыр
Сенат депутаттары Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Алға ауданындағы Үшқұдық, Тікқайың, Қарақобда және Сарықоба ауылдарында болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020
Шалғай елді мекендер шалажансар күй кешіп тұр
Парламент депутаттарының өңірлерге сапары кезінде жергілікті жердегі бірқатар мәселелердің беті ашыла бастады. Мәселен, Шымкент қаласына қарасты Жаңаталап елді мекеніндегі қордаланған әлеуметтік түйткілдер Нұр-Сұлтан шаһарынан келген депутаттардың назарына ұсынылды. Қаншама жылдан бері жабулы қазан күйінде қалған мәселені жарыса баяндаған жаңаталаптықтар ауыз су мен көгілдір отыннан тапшылық көріп отырғандарын жеткізді. «Жоққа жоқ жамалады» дегендей елді мекендегі кәріз жүйесі мен қоғамдық көліктің «жыры» да өз алдына бөлек әңгіме.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Қостанай облысының Рудный қаласындағы жел соқса кабиналары ұршықша айналып, елдің зәре-құтын қашырған аттракцион орнынан сүріледі. Рудныйда ұзаққа созылған даулы істен кейін мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты осындай кесім шығарды.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Қолым қысқа демейтін, қолтығынан демейтін адамдар арамызда аз емес... Солардың бірі — ақтөбелік Гауһар Жұмағазиеваны көпшілік Ұлттық волонтерлік желісінің өкілі, Ақтөбеде құрылған «Д.А.Р.» еріктілер клубының белсендісі ретінде таниды. Оны өткен жылдың соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі марапаттап, еңбегін мемлекеттік һәм республикалық деңгейде жоғары бағалаған-ды.