Руханият • 16 Қаңтар, 2020
Жыржыс қажы Қаржас еліне сіңіп, өсіп-өнген қожалар әулетінен. Жыржыс қажының ардақты есімі жадымызда өзінің мұсылмандық қасиетті парызын адал атқарып кеткен жерлесіміз ретінде сақталып қалды. Қажы атқарып кеткен ізгі істің негізгі мәні, оның Қарағанды мен Кереку өңірлерінің арасындағы тоғысқан жері Мәдрәсі қыстауында, Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ата қонысына жақын тұста мешіт ашып, медресе салдырғанында еді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Елдің ежелгі атауына қиянат қылмайық
Ертеден халықтың санасына сіңіп қалған тарихи атауы Шідерті ауылы туралы 2013 жылдан бастап даулы мәселе туып отыр. Бұл ауылдың басынан өткен жайға оралып өткім келеді. Қазіргі атауы – Зеленая роща. Басқа ұлттың өкілдерінен бірде-бір адам тұрмайтын ауылдың осылай аталуы неге деген заңды сұрақ туады. Столыпин реакциясы тұсында ішкі Ресейден үйсіз-күйсіз, еріксіз жер аударылып көшіп келген мұжықтар қазақтың малға, егінге жайлы жақсы қоныстарын тартып алды. Сол кезде колхоз басқармасы Ворошилов деген болған. Ауылға тал егіп, бақша салғандықтан олар Шідертіні Зеленая роща атап кеткен. Бұл атау ешбір құжатта көрсетілмеген.
Саясат • 16 Қаңтар, 2020
Есірткіні жарнамалайтындар жазасыз қалмайды
Биылғы 11 қаңтардан бастап есірткіні насихаттайтын және сататын интернет-сайттардың сілтемелерін таратуға байланысты қылмыстық заңнамаға енгізілген өзгерістер күшіне енді.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Руханият • 16 Қаңтар, 2020
Заманның қалпына бейімделе алмай, қырдағы малы мен жұпыны тіршілігін қанағат етіп, ілім-білім жолында ізденіп, өркениетке ұмтылудың орнына, мансап пен мақтан қуып, ру-руға бөлініп, қырық пышақ болып дау қуған бұрынғы қазақтың кертартпа мінезін данышпан Абай сөз күшімен сынап, намысын оятып, жігерін жанып, жөн жолға салуды мақсат тұтты. Ол заман өтті. Қазіргі заман да, адам да, қоғам да басқа.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Зерттеген сайын зердең ашылады
Бұл күндері барлық ақпарат құралында жарияланып, жілік майын шағып, жүйелі талқыланып жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы мәдениет пен рухани өміріміздің бағыт-бағдарын айқындап көрсетіп берген темірқазығы болды деп ойлаймын. Жалғыз мен емес, көзі қарақты бүкіл қазақ солай ойлайды.
Руханият • 16 Қаңтар, 2020
Түркі әлемінің рухани қазынасы
«Ұлттық болмыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүдделесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» «Торқалы тойдың тағылымы». Бұл тақырыптар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 қаңтарда «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында тарихта ең күрделі жолдарды басып өтіп, небір тарихи оқиғаларды бастан өткерген әрі куәсі болған, қазақ ұлтының бүгінгісін, келешек мүддесін, тілегін, үмітін мемлекеттің өсіп-өнуінде, қазақ ұлтының әлем елдерінің ішінде өзінің лайықты орнын алуында зор рухани тірек болған ұлы ойшыл Абай атамыздың 175 жылдық мерекесіне байланысты қозғалып отыр. Тағы кеңірек тәпсірлегенде, түркі әлемі кеңістігінде де мақалада айтылған үлкен мәселелер өзгеше өзекті, тарихи маңызды екендігін айтқым келеді.
Әлем • 15 Қаңтар, 2020
Ресей Федерациясының Үкіметі отставкаға кетеді
Ресей Федерациясының Үкіметі толық құрамда отставкаға кетеді. Бұл туралы Министрлер кабинетінің басшысы Дмитрий Медведев мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2020
Рашид Жақыпов ІІМ орынбасары қызметінен босатылды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2020
Елбасы Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа былтыр күзде өткен кеңес барысында берілген тапсырмалардың Nur Otan партиясы фракциясының орындауы жөнінде мәлімет берілді. Бұл туралы elbasy.kz хабарлады.