Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2019

Жеңіс Қасымбек салынған тұрғын үйлердің сапасын бақылауды талап етті

Қарағанды облысында тұрғын үй мәселесін шешуге күш жұмсалуда. Кезекте тұрғандарды пәтерлермен қамтамасыз ету үшін 372,2 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Жыл соңына дейін бірқатар өңірлерде үйлер тапсырылатын болады. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек жаңа құрылыс сапасына назар аударды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша патрульдеуді күшейту жұмыстары нақты нәтижелер көрсетуде. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Қазақстандық делегация Түркияның авиациялық билігімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Түркия авиакомпаниялары 11 қазақстандық әуежайда тұрақты ұшуларды орындай алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас

Қазақ ер азаматты шаңырақтың иесі санаса, әйелді отбасының алтын қазығы деп құрметтеген. Ал, отбасы ұғымы осы ер мен әйелдің бірлескен одағынан туады. Қай қоғамда да отбасы мемлекеттің негізгі бөлшегі. Басты қозғаушы күші. Оның әлеуметтік жағдайы, тыныштығы, берекесі мен ұрпаққа берер тәрбиесі қоғам алдындағы негізгі мәселелердің бірі.

Руханият • 09 Желтоқсан, 2019

Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті

«Nur Otan» партиясы мен Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің қолдауымен елордада жыршы-термешілердің «Жыр-аманат» концерт-спектаклі өтті. Жыршылық дәстүрді кеңінен насихаттап, ата-бабадан жеткен асыл мұраны жұртшылыққа боямасыз жеткізуді мақсат еткен бұл кеште еліміздің әр аймағындағы жыршылық дәстүрдің өкілдері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Жетісу», «Маңғыстау», «Қаратау», «Арқа», «Атырау-Жайық», «Сыр елі», «Ақтөбе» жыршылық дәстүрлерінің өнерпаздары ұлттық өнерімізге шөліркеген қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Қазақстан • 09 Желтоқсан, 2019

Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

Ел астанасында ұлттық спорт саласындағы үздіктердің мерейін көтеруді мақсат еткен дәстүрлі «Алтын тұғыр – 2019» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бәйге, Аударыспақ, Көкпар, Жамбы ату, теңге ілу, Қазақ күресі сияқты ұлттық спорт пен Тоғызқұмалақ, Асық ату және тағы да басқа ұлттық ойындардан ел намысын асқақтатып жүрген дарабоздар арнайы жүлделер мен сыйлықтарға ие болды.

Парламент • 09 Желтоқсан, 2019

Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге байланысты жұмыс тобының қорытынды отырысы өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2019

Парламент Мәжілісінде АӘК реформалау перспективалары талқыланды

Парламент Мәжілісінде «Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігі» тақырыбында үкімет сағаты өтті. Жиында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов депутаттар мен БАҚ өкілдеріне АӘК берудің жаңа тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады

Қазақстан бокс федерациясы биылғы маусымды қорытындылап, жыл үздіктерін анықтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Спорт • 09 Желтоқсан, 2019

Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды

Жүзуден Рио Олимпиадасының чемпионы, бүгінде даңқты бапкер Дэйв Салоның қол астында жаттығатын Дмитрий Баландин АҚШ-тың ашық чемпионатында жеңіске жетті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.