Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

10 желтоқсан - Астананы ресми көшіру күні

Бүгін Елбасының жарлығымен Сарыарқа төсіндегі Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қабылданғаннан бері 22 жыл өтті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

Сенаторлар Татарстан Президентімен кездесті

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров және бір топ сенаторлар Қазан Кремлінде Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Құрманғазы оркестрі Бейжіңде өткен Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сына қатысты

2019 жылдың 5 желтоқсанында Бейжің қаласында (ҚХР) Дүниежүзілік музыка ЭКСПО-сы аясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ұлы дала сазы» атты Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің концертін ұйымдастырды. 

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Елордада Тәуелсіздік күніне орай қандай іс-шаралар өтеді?

Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік бағдарлама әзірленді. Елордалықтар назарына концерттік бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар, спорттық шаралар мен танымдық экскурсиялар ұсынылатын болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

«Еңбек» бағдарламасы өз нәтижесін беріп жатыр

2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қызылорда облысында 27 422 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 20 490 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 109-ы немесе 64% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2019

Шымкент 2020 жылғы ТМД елдерінің мәдени астанасы эстафетасын қабылдап алды

Беларусь Республикасының Брест қаласында «Брест – ТМД елдерінің 2019 жылғы мəдени астанасы» іс-шарасының жабылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шарада Брест қаласы 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы эстафетасын Шымкентке ресми түрде табыстады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019

«Қарапайым заттар экономикасы» елорданың бизнесін қалай дамытып жатыр

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен IQala алаңында талқыланды. Кеңеске тауар өндірушілердің өздері - жиһаз, тоқыма, құрылыс, ағаш өңдеу өнеркәсібі отандық қауымдастықтарының өкілдері, ӨКП жанындағы өңірлік кеңестің мүшелері қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019

Асқар Мамин жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды

Премьер-Министр Асқар Маминнің АҚШ-қа жұмыс сапары аясында американдық агробизнес өкілдерімен Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын және суару жүйелері өндірісін ашу туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.  

Қоғам • 10 Желтоқсан, 2019

Студенттер жатақханасы: төлемақы құны көңілге қонымды ма?

Мемлекеттік жастар саясатының мақсатты негізде жүйелі жүр­гізілуі келешек кепілі саналатын жас буын өкілдерінің жеке тұл­ға ретінде қалыптасуына ықпал ететін басты факторлардың бірі екендігі белгілі. Осы ретте студент жас­тар қауымының назардан тыс қалмауы, әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайына жете көңіл бөлініп отырғаны мемлекет тарапынан атқарылып отырған істердің әлеуетті қалпын айғақтайды. Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті ұсынған Бес әлеуметтік бас­таманың бір бағыты студенттердің тұрмыстық ахуалын жақ­сартуды меже тұтқаны және соған орай іске асырылып жатқан тындырымды шаралар осы тұжырымның жарқын мысалы.

Парламент • 10 Желтоқсан, 2019

Армениямен ынтымақтастық дамиды

Парламент Сенатында депутаттар Әлімжан Құртаев, Михаил Бортник, Ерік Сұлтанов және Арменияның Қазақстандағы елшісі Гагик Галачянның кездесуі болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.