Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019

Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына арналған республикалық конференция аясында 2019 жылдың 5 желтоқсанында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәслихаттар депутаттарымен салалық кездесу өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тағайындау • 06 Желтоқсан, 2019

Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды

Әбдіманап Жасұлан Лесбекұлы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 06 Желтоқсан, 2019

Братиславада Сыртқы істер министрлер кеңесінің 26-отырысы өтіп жатыр

Братиславада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлер кеңесінің (ЕҚЫҰ СІМК) 26-отырысы өткізілуде. Кездесу шеңберінде 2019 жылы Словакияның төрағалығы кезіндегі жұмыс қорытындылары және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2019

Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті

Әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық премиясында «Жыл жаңалығы» және  «Классикалық музыкадағы жыл әншісі» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.

Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019

Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті (ХҚКК) Петер Маурердің құттықтау хаты келіп түсті. Онда қазақстандық 14 баланы Ирактан қайтару гуманитарлық операциясының сәтті өткені туралы айтылған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Президенті неміс компаниялары басшыларының алдында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев жетекші неміс компаниялары өкілдеріне арналған іскерлік дастархан басында Қазақстанның экономикалық және инвестициялық әлеуеті туралы әңгімеледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Парламент • 06 Желтоқсан, 2019

Қазақстан Түркиямен әскери ынтымақтастықты кеңейтеді

Сенат отырысында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасындағы Әскери ынтымақтастық туралы келісім ратификацияланды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 06 Желтоқсан, 2019

Берілген тапсырмалар іске асырылғанда ұтымды

Шымкент қаласында жұмысы тоқтап тұрған жіп иіру фабрикасы қайта іске қосылды. Бұл жұмыстар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы аясында жүзеге асты. Ал өзбекстандық инвесторлар фабрикаға бірқатар жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, оның қайта іске қосылуын қамтамасыз етті.

Президент • 06 Желтоқсан, 2019

Екіжақты іскерлік байланыс нығаяды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның экс-канцлері Герхард Шрёдермен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Руханият • 06 Желтоқсан, 2019

Педагогтерге пайдалы шара

Таяуда елімізде алғаш рет «Зёрна» адамгершілік педагогикасының халықаралық фестивалі өтті. Фестивальға қатысу үшін Алматыға алыс-жақын шетелдерден мыңға жуық адам келді.