Экология • 02 Қазан, 2019
Ертең, яғни 3 қазанда Қазақстандағы барлық мектепте «Эко-сағат» кең көлемді акциясы басталады. Бұл туралы еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
Экология • 02 Қазан, 2019
Біздің толымды да арынды дарияларымыз, тарихи-жағрафиялық тағдыр ұйғарымында, сайын сахарамыздың кемерін шет-қиықтай ағып жатыр. Жайық, Сырдария, Ертіс... Бұл сулардың ел-жеріміз үшін игілігін тізбелеп жату артық болар. «Бұйырғанның берекетін берсін» деген ата ұстанымында, сондайлық несібені ұтым-ұтырымен және рәсуасыз игеру – опалы тірлік екенін тиім-нәтижесін молынан беретін жаңа үрдістер, интенсивті шаруашылық жолдары жақсы дәлелдеп келеді. Ал сонау тарих «кесімдерін» жаңа уақыт талабында қайта бағамдап, өз ақиқатымызға үйлесімде игеру, өз мүддемізге сабақтастыра дамыту – ендігі болмысымыздың ділгір міндеті.
Руханият • 02 Қазан, 2019
Түркістан тарихын зерттеу – уақыт талабы
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы деп өзгертіліп, облыстың әкімшілік орталығын барша түркі-мұсылман жұртына қасиетті рухани орталық – Түркістан қаласына көшіру туралы шешім қабылданғанына бір жылдан астам уақыт өтті.
Аймақтар • 02 Қазан, 2019
Қарағандының Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолы» аймақтық штабының аясында жастардың келелі стартаптарының тұсаукесері» жобасы өткізілді. Жобаның негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде бастауыш жобаларды насихаттау арқылы жастарды белсенді әлеуметтік өмірге ынталандыру.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Қоғамдағы үнқатысу – орнықты даму шарты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет палаталарының бірлескен отырысында алғаш рет Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Бұл Жолдаудың негізгі бағдары – еліміздегі әлеуметтік мәселелерді шешудің барысын айқындау, заманауи кезеңдегі мемлекетіміздің дамуындағы сан қырлы қайшылықты проблемалардың түйісетін тұстарын көрсету.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Құқығымызды қорғау – басым бағыттың бірі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған бірінші Жолдауында саяси жүйені жетілдіру, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және оларды әлеуметтік қорғау, өңірлерді дамыту салаларындағы міндеттермен қатар, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындады.
Қазақстан • 02 Қазан, 2019
Ұлттық мүддеге басымдық берген құжат
Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның Қазақстанның дана халқына арнаған Жолдауын жіті бақылап зерттедік. Қазақстан жаңа кезеңге аяқ басқалы отыр. Қ.Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың мұра етіп қалдырып кеткен игі жетістіктері мен заманауи даму процесін ұтымды жалғастыруды алдына міндет етіп қойды.
Экономика • 02 Қазан, 2019
Шағын және орта бизнес – жалпы өнімнің индикаторы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы Жолдауында саяси реформалар туралы ұстанымын, сайлау бағдарламасында уәде еткен саяси трансформация мемлекет пен халықтың мүддесіне сай біртіндеп жүзеге асатынын, жүйесіз саяси либерализация тұрақсыздыққа әкелетінін ашып айтты.
Экономика • 02 Қазан, 2019
Жақында Еуразиялық даму банкінің интеграциялық зерттеулер орталығы тарапынан Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне ортақ валюта қолданысқа енгізілуі мүмкін екені айтылған болатын. LS-тің осы мәселеге қатысты сұрағына жауап берген Ұлттық банк ортақ валютаға қатысты болжамдарды жоққа шығарды.
Қоғам • 02 Қазан, 2019
Жәрдемақы төлеу туралы білгіңіз келсе...
Әртүрлі хабар таратушы мессенджерлерде 1 қазанынан бастап әр балаға 11 мың теңгеден, отбасының кірісіне қарамастан төлемдер енгізілгені туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.