Саясат • 26 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ұлттық санамызды серпілтіп, елдікке бастайтын тарихи құжат болды. Қазақстанның даму стратегиясын тереңнен пайымдап, сарабдалдықпен жүзеге асырып келе жатқан Президенттің ел бірлігі, ұлағатты ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында кеңінен дәріптеу мәселесі, мемлекеттік тілге қатысты ұстанымы оның кемел ойлы кемеңгерлігін тағы бір қырынан танытты.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
БҰҰ Бас Ассамблеясы әлемнің 193 мемлекетін біріктіріп, өзекті геосаяси қарым-қатынастарды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылауға мүмкіндік беретін ауқымды диалог алаңы екені бәрімізге мәлім. Бүгінгі таңда Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-ші сессиясы өз жұмысын жалғастыруда. Сессияның басты тақырыбы БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырумен тікелей байланысты болып отыр.
Әлем • 26 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары әлем назарында
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа мемлекеттік сапары барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының 74-сессиясына қатысты. Іргелі ұйымның бұл жолғы жиыны «Кедейлікті жою, сапалы білім беруді және климатты сақтау іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілдерді ілгерілету үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру» тақырыбына арналған болатын. Осы орайда, Мемлекет басшысы беделді мінберде сөз сөйлеп, бірқатар маңызды мәселелерге халықаралық қоғамдастық назарын аударды. Айта кетерлігі, бұл – Қ.Тоқаевтың Президент ретінде қатысқан БҰҰ-ның алғашқы жиыны. Осы бір ерекше оқиға әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары назарынан тыс қалған жоқ. Синьхуа, Bloomberg секілді алпауыт агенттіктер мен the Hill, Agenparl секілді басылымдар Мемлекет басшысының сапарына кеңінен тоқталды.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2019
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде Қазақстанға алғаш рет келген Солтүстік Македония Республикасы Ассамблеясының Төрағасы Талат Джаферимен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Саясат • 26 Қыркүйек, 2019
Еуразия елдері парламенттері спикерлері кеңесінің қорытындысы бойынша комментарий
Кеше Еуропа және Азия елдері Парламенттері спикерлерінің отырысы өтті. Енді осы мәселе бойынша пікір бөліскім келеді.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті
БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен кездесті
Фин әріптесімен кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Игорь Додонмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
Мемлекет басшысы Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Беттельмен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясы аясындағы екі жақты кездесулері Люксембург Премьер-Министрі Ксавье Бетелльмен келіссөз жүргізумен жалғасты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
Орнықты даму мақсаттары адамзатқа жарқын болашаққа қол жеткізуде нақты жол картасын ұсынады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының аясында Тұрақты даму мәселелері жөнінде жоғары деңгейдегі форумда сөз сөйледі, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президент • 26 Қыркүйек, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының Жалпы дебаттарында сөйлеген сөзі