Қазақстан • 10 Қыркүйек, 2019
Сыртқы істер және Ауыл шаруашылық министрліктері, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) өкілдерінің қатысуымен ҚР Сыртқы істер министрлігінде АҚИҰ 2-ші сессиясының нәтижесі туралы брифинг өтті.
Әлем • 10 Қыркүйек, 2019
Бейбіт Атамқұлов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасарымен кездесті
Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары аясында Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұлов БАӘ Премьер-Министрінің орынбасары, Президент істері министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен кездесу өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 10 Қыркүйек, 2019
100 мыңнан астам жеке тұлға бойынша 700 миллион теңгеге жуық өсімпұл есептен шығарылды
5 қыркүйектегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 2,9 млрд теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлға бойынша 688,3 млн теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин ЕҚҚДБ Директорлар кеңесінің мүшелерімен кездесті
Премьер-Министр Асқар Мамин Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) Директорлар кеңесінің мүшелерімен Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың келешегі мен қазіргі жағдайын талқылады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2019
Елордадағы жаңа Astana IT университетінде 6 бағыт бойынша 613 студент білім алады
Елордада EXPO аумағында орналасқан жаңа Astana IT University таныстырылды. Мекеменің міндеті - «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын табысты іске асыру аясында білікті кадрлар дайындау. Студенттер криптографияны, робототехниканы, Big Data, жасанды интеллект, сандық криминалистиканы, бағдарламалауды үйренеді. Биылғы оқу жылында университет қабырғасында 6 бағыт бойынша 613 студент білім алады. Жалпы 579 грант бөлінді.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019
Үкіметте республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамудың және республикалық бюджеттің орындалу қорытындысы шығарылды. Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, сондай-аұ Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев баяндама жасады. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының биылғы 2 қыркүйектегі «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы таныстырылды. Құжатпен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019
Үкімет Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын қабылдады
Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында Қазақстан Республикасының Президентінің «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы қабылданды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Үкімет • 10 Қыркүйек, 2019
Асқар Мамин: Қазақстан экономикасының өсімі 8 айда 4,3% құрады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында 2019 жылғы қаңтар–тамыздағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің орындалуының қорытындылары қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Президент • 10 Қыркүйек, 2019
Президент Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.