Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21451 материал табылды

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Бақытжан Сағынтаев: 622 істен шыққан жарық көздері анықталды

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы жарықтандыру мәселесі бойынша тұрғындардың өтініштеріне жауап берді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Қазақстан • 15 Қазан, 2019

Әскери қақтығыстарға қатысқан отандастарымызға «Ардагер» мәртебесі берілмек

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов Премьер-Министр А. Маминге 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Тәжік-ауған шекарасында жауынгерлік қимылдар мен әскери қақтығыстарына қатысқан отандастарымызға «Ардагер» мәртебесін беру туралы хат жолдаған болатын. Аталмыш хатқа еліміздің Қарулы күштерінің бас штабы жауабын берді. Бұл туралы «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 15 Қазан, 2019

Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық саммиті өтуде

Литвада академиялық қауымдастық көшбасшыларының халықаралық «QS in conversation. Халықаралық ынтымақтастық арқылы танымалдылықты арттыру: ұтқырлық, тану, брендинг» атты халықаралық саммит өтуде.

Саясат • 15 Қазан, 2019

Қазақстан мен Беларусь қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары кеңейтілген жоспарлы консультациялар өткізді

Минск қаласында Қазақстан және Беларусь қауіпсіздік кеңестері аппараттарының арасындағы кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 15 Қазан, 2019

Бақыт Бөкебаев: Бекзат өнер белестері

Еліміздің қайталанбас мәдени ошағы, мың жылдан аса тарихы бар Алматы шаһарының көрнекті өнер ордасы, ақшаңқан күмбезімен сәулеті жарасқан, қазақ цирк өнерінің қарашаңырағы – «Қазақ мемлекеттік циркі» алдағы 2020 жылы жарты ғасырлық белеске қадам басқалы отыр. Цирк өнері құдіреті мен қасиеті, сиқыры қайталанбас мәнерімен ерекшеленеді. Циркте барлығы шынайы. Цирк – ержүректіктің, шамадан тыс батылдықтың, адамның, оның тәні мен рухының таңғажайып мүмкіндіктерін көрсету өнері.

Руханият • 15 Қазан, 2019

Ақын қаламындағы академик бейнесі

Байтақ даламыздың бағын асырып, бауырынан небір тектілерді түлеткен Ертіс-Баян өңірі кемеңгерлерге кенде емес. Бұқараға ой айтқан Бұхар жырауы, әулие Мәшһүр Жүсібі, Жаяу Мұсасы мен Естайы, ғылымда Қанышы мен Марғұланы, Жүсіпбек пен Сұлтанмахмұты аяулы аймақтың атын асқақ­татып, беделін биік­теткен тұғырлы тұлғалардың бір шоғыры ғана десек қа­телеспеспіз.

Қоғам • 15 Қазан, 2019

«Нұрлы көш» күнін белгілесек...

Қазақ халқы өз тарихындағы қилы кезеңдерде, әсіресе өткен ғасырдың бас кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қолдан жасалған ашаршылықтың салдарынан қырғынға ұшырап, бір бөлігі бас сауғалап, дүние жүзіне тарыдай шашылып кеткендіктен, Кеңес өкіметі тұсында өз жерінде азшылық болып қалып, ана тілінен, ата салт-дәстүрінен айырылып, ұлт ретінде құрып кету қаупі төнген еді. Оған қоса, кезінде әртүрлі себеппен Қазақстанға қоныс аударылған басқа этностардың өкілдері өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы экономикалық дағдарыс кезінде өздерінің тарихи Отандарына үдере көшкендіктен, еліміздің тұрғындарының саны да азайып, жас мемлекетіміздің адами және экономикалық әлеуеті әлсіреп қалған болатын. Осыны ескерген Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығына келісімен жат жұртта атамекендерін аңсап жүрген ағайындарды қарашаңырағымыз – Қазақстанға қайтып оралтып, халқымыздың санын көбейту қамына кіріскені мәлім.

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Нағима Байтенова: Діни алауыздықтың алдын алу – қауіпсіздік кепілі

Діни экстремизм мен терроризм жаһандық деңгейдегі өзекті мәселеге айналды. Соңғы жылдары елімізде де лаңкестікке қарсы күрес белсенді қолға алына бастады. Осы мәселе жөнінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нағима Байтеновамен сұқбаттасқан едік.

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Біздің белсенділігіміз де маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздегі түйінді мәселелерді шешудің бағытын айқындаған тың бағдарламалық құжат болды.

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Әлемдік тәжірибеге сай даму бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында әлем дамуындағы бүгінгі заманның жаңа нышандары толық ескерілген. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтің тиімділігі, экономика мен саясат жүйесін қалыптастырудағы мемлекеттің рөлі, жеке тұлға, ұжым және мемлекеттің өзара қарым-қатынастарының тиімді жолдары, әлеуметтік теңдіктің идеалы мен іске асырылу мүмкіндіктері заманауи әлемдік гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар үшін аса өзекті мәселелер болып отыр.