Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Тағайындау • 14 Тамыз, 2019

Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды. 

14 Тамыз, 2019

Жастардың санасы нақты дүниелерді сіңіруі қажет - Елбасы

Президент телерадиокешені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға қаратып айтқан кеңесінен үзінді жариялады.

Спорт • 14 Тамыз, 2019

Головкин Деревянченкомен кездесудің шарттарына келісті

The Athletic инсайдері Майк Коппинджер Twitter парақшасында Геннадий Головкиннің орта салмақтағы IBF әлем чемпионы атағы үшін Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізудің шарттарын қабылдағанын хабарлады.

Спорт • 14 Тамыз, 2019

Таллиндегі әлем біріншілігінен балуандар екі қола медаль жеңіп алды

12 тамыз күні Таллинде (Эстония) күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде команда қоржынына екі медаль түсті деп хабарлайды Olympic.kz.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Алматы қалалық ТЖД Қарғалы өзенінің қазіргі ахуалы туралы мәлімет берді

Алматы қаласындағы сел қаупіне байланысты төтенше жағдайлар департаменті Қарғалы өзенінің қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.

Аймақтар • 14 Тамыз, 2019

Жайынов тағы жайын ұстады

Қазталов ауданына қарасты Қайыңды ауылының тұрғыны Аслан Жайыновты білмейтіндер кемде-кем. Олай дейтін себебіміз, Аслан өзінің ата-тегі Жайынов болғанына қарамастан Қараөзеннен жайын балықтарын ұстаудан чемпион атанып жүр.

Әлем • 14 Тамыз, 2019

Өтүкенде қағанға арналған кешен табылды

Халықаралық Түркі академиясы ғалымдары түркінің ежелгі мекендерінің бірі саналатын Моңғолия жерінде жүргізіп жатқан археологиялық қазба жұмыстары барысында тағы да олжалы болды. «Тағы да» дейтін себебіміз, Академия ғалымдары былтыр Керулен өзені аңғарындағы қазба жұмыстары кезінде түркі дәуіріне тән ғұрыптық кешендерді ашқан еді. Биыл «Номгон-2» ғұрыптық кешенінен бірқатар жәдігер тауып отыр.

Қоғам • 14 Тамыз, 2019

Ономастикалық атаулар бірізділікті талап етеді

Ономастикалық атаулар,­ оның ішінде еліміздің жер-су атаулары, аты-жөн­деріміз – ұлттық-тіл­дік және мемлекеттік біре­гейлігімізді айқындайтын басты факторлардың бірі. Тәуел­сіздік алған жылдардан бері оно­мастикалық атаулардың мазмұнын ұлт­тандыруға бағыт­талған қыруар іс-шаралар ат­қа­­рылғандығы белгілі. Енді латын әліпбиі енгізілген сәттен бастап мыңдаған, жүз мыңдаған ономастикалық атауларымыз кең халықаралық, әлемдік ақпараттық кеңістіктегі айналымға енгелі отыр. Осы орайда еліміздің жер-су атауларын латын әліпбиінде таңбалау, сондай-ақ шеттілдік географиялық атауларды қазақ тілінің жаңа әліпбиінде жазу және төл антропонимдік жүйемізбен қатар, шеттілдік есімдерді таңбалау мәселесі өзекті болмақ.

Қазақстан • 13 Тамыз, 2019

Төрт елдің Ішкі істер министрлері арнайы жасақ жауынгерлерінің қабілетін бағалады

5-10 тамыз аралығында Алматы қаласы Заречный кентінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Жауынгерлік және әдістемелік орталығында Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің арнайы мақсаттағы бөліністері жауынгерлерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Спорт • 13 Тамыз, 2019

Бүгін стенд атудан Лахтидегі әлем кубогі кезеңі басталады

Бүгін Финляндияның Лахти қаласында стенд атудан лицензиялық әлем кубогі кезеңі басталады деп жазады Olympic.kz.