Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
2086 материал табылды

Руханият • 06 Мамыр, 2019

«Хат қоржын»

Қоғам • 06 Мамыр, 2019

Құмар ойын қаныңды қыздырып, жаныңды бұзбасын!

Біздің халқымыз ежелден түрлі құмар ойындардан өз бойларын аулақ ұстаған есті халық бола­тын. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып, көтен жеген озар» деген­­ді де есті халқымыз текке айт­паған-ау деп ойлаймын. Бұл ара­да «қой бағуды», яғни еңбек ету­ді бәрінен де жоғары қоя біл­ген­дік тұр. Еңбек ету, тағы да еңбек ету!

Қоғам • 03 Мамыр, 2019

Еркіндігі жоқ елдің ертеңі жоқ

Ұлттық тәуелсіздігіміз ел экономикасы мен саясат саласынан өзге рухания­т арналарының да бағыт-бағдарын айқындап, кең өрістер ашты. Әсіресе еліміздің тарихы мен салт-дәстүрі, дін мен діл арақатынасы, мәдени-рухани бағыттар, тіл мен тәлім-тәрбие арналары айқындалып, жасампаздық жолына батыл қадамдар жасалды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты, қоғамдық өмірдің даму үдерістері, әсіресе бұл бағытта білім мен ғылым, мәдениет пен денсаулық саласының басымдық алуы қалың көпшіліктің ықыласын арттырып, жаңа уақыттың рухын паш етті.

Аймақтар • 03 Мамыр, 2019

Абсентеизм – азаматтық емес

Қазақстан Президентін сайлау – қазақстандықтар үшін ғана емес, біздің елімізбен қандай да бір мүдделес мемлекеттер мен әлем халықтары үшін де аса маңызды саяси науқан. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз еркімен өкілеттілігін тоқтатып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өтуі – біздің тұсымызда болып жатқан ең елеулі оқиға.

Қазақстан • 01 Мамыр, 2019

Э.Демирчиев: Бір үйдің баласындаймыз

123 этномәдени бірлестік шоғырланған Шығыс Қазақстанда әр ұлттың өз тілін меңгеріп, дәстүрін дамытуға толық жағдай бар. Елбасының ұйытқы болуымен 24 жыл бұрын құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының басты мақсаты – татулық туын биік ұстап, бейбітшілікті насихаттау.

Қазақстан • 01 Мамыр, 2019

Қ.Газибеков: Бірлік – береке бастауы

Қазақстан халқының бір­лігі күні мерекесі бүгінгі таң­да бейбіт өмір мен ынтымақ­ты тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы. Бұл күн – әрбір қазақ­стан­дық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісімнің мерекесі.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2019

В.Тварионас: Тағдырдың бізге берген үлкен сыйы

Қарағанды облысы сынды еліміздің экономикалық және саяси тірегі саналатын құтты өңірде 100-ден астам этнос өкілі тату-тәтті тұрады. Әлбетте осынша ұлт пен ұлыс баласының қарым-қатынасын айрандай ұйытып отырған ұйым Қазақстан халқы Ассамблеясы деп нық сеніммен айтуға болады.

Руханият • 01 Мамыр, 2019

Науаи – жаһан жұлдызы

Егемендіктің елең-ала­ңынан-ақ жас мемлекеттің сыртқы саясатын салиқалы сипатта қалыптастыруға ерекше еңбек еткен, әлемдік деңгейдегі дара дипломат ретінде мойындалып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының орынбасары биігіне дейін көтерілген Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройлы орнын одан әрі орнықтыра түсетіндігі талассыз. Солай болатындығын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­шылығымен айқын­далған сыртқы саясат­тың сабақтастығы сақталатын­дығын Қ.К.Тоқаевтың осы бағыттағы бастапқы қадам­дары да қуаттап отыр.

Руханият • 01 Мамыр, 2019

Бас басылымның басшылығында болғанымды бедел санаймын

Саналы өмірінің, шығармашылық ғұмырының мәуесі мол ең жемісті шағын елдің басты басылымына сарп етіп, жүрегінің нәрін, жүйкесінің сөлін сығып берген жанның бірі менмін. Табаны күректей он жеті жыл бір басшысы болып, сонау сөз бостандығы бұғалықталып, еркін ойға шідер салынған тұста тілі қасаңсып, үні бәсеңсіп, пәрмені пәс тарта бастаған газетті таптаурын тұйықтан ағытып, тың өрістерге шығаруға шама-шарқымша атсалыстым.