Дін • 10 Наурыз, 2024
Халқымыздың 70 пайызға жуығы мұсылман дінінің өкілдері. Дін ұстануға еркіндік берілгелі 30 жылдан астам уақыт өтті. Алайда алғашқы жылдары мұсылмандық діннің дұрыс бағыт-бағдарын білетіндер қатары сирек еді.
Өнер • 10 Наурыз, 2024
«Киікті» стансасынан өткен сайын қазақтың даңқты композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы жерден Алматыға арман арқалап кеткен шығар деген ойға түсем. Оның кіндік кесіп, кір жуған жері қазақтағы ғажайып та, қасиетті топырақтың бірі һәм бірегейі десе болады. Үш мыңжылдық көшпелілер мәдениетінің толғағы жетіп, тоғысқан жері – бұл. Сарыарқаның саз қонған аймағында уызына жарыған сазгер күні кешегі Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Әбікен, Аққыз, Итаяқ, Мақаш, Бегімсал дәстүріндегі шертпе күйдің қазанында қайнап, қаймағына кенелген біртуар тұлға еді. Оның «Шаттық Отаны» поэмасында сол терең де, ерен тылсым сиқыр алыстан айқұлақтанып, құлаққа шалынады. Қазақтың ұлы композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы туындысын музыкалық поэма деп атаған екен. Шын мәнінде бұл – бір дәуір, бір заманның марапат жыры. Қазтуғанның «Мадақ жырындай» патетикалық поэма.
Пікір • 08 Наурыз, 2024
Бала кезімнен нақты ғылымға қызықтым. Математиканы жақсы көріп өсіп, тіпті осы пәннің мұғалімі де болғым келді. Бірақ әкем «Қаржы және Кредит» мамандығын таңдауға кеңес берді. Ол менің математикалық және аналитикалық қабілетімнің аталған салада көмекке келетінін, сонымен қатар жақын арада елімізде қаржы саласының үлкен даму қарқынына ие болатынын, сөйтіп жас мамандар үшін тың мүмкіндіктер ашылатынын да айтты. Осылайша, мен қаржылық білім алдым.
Қаржы • 08 Наурыз, 2024
Қаржы әлеміне жастайымнан қызықтым. Әуелгі білімді Ақтөбеде алдым. Кейін шетел асып, Оңтүстік Кореяның Сеуліндегі KDI School of Public Policy and Management-ті мемлекеттік саясат мамандығы бойынша тәмамдадым. 2020 жылы UC San Diego Extension қаржы саласындағы бизнесті басқару бағдарламасын аяқтадым. POSCO Asia Fellowship және «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерімін. Бүгінде стратегия, статистика және қаржы саласында табысты еңбек етіп келе жатқаныма 14 жылдан асыпты.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024
Мансап пен отбасыны тең ұстау өнегесі
«Караван» газетінен Еуропалық қайта құру және даму банкінің «кредит менеджерін іздейміз» деген хабарландыруын көріп қалып, көрсетілген нөмірге факс арқылы резюмемді жібердім. Қызық болғанда 240 үміткердің ішінен 8 адам өттік және сол банктің базасында кредит эксперті мамандығы бойынша білім ала бастадық. Онда тек оқып қоймай, жұмыс істеуге де мүмкіндік берілетін.
Пікір • 08 Наурыз, 2024
Ұлт қыз-келіншектерінің, ұлт анасының мәселесі қазір аса көкейкесті. Бұл – Әділетті Қазақстанның елдік үлкен бір арнасы. Қазақ әйелі деген ұғымға елімізді мекендейтін барлық этностың әйел қауымы кіреді. Әлемдік аяда бұл дәл солай.
Басылым • 08 Наурыз, 2024
«Айқын»: Ақпарат айдынында – 20 жыл
Кезінде ақпарат кеңістігіне жаңа леп, тың серпінмен қосылған басылым «Айқын» газетінің шыға бастағанына 20 жыл толды. Бүгінде бүкіл ел көлеміне таралатын, өзіндік бет-беделі бар қоғамдық-саяси газеттің алғашқы саны 2004 жылдың 6 наурызында жарық көрді.
Таным • 08 Наурыз, 2024
Әлемдегі тұңғыш программист әйел
Августа Ада Кинг Лавлейс – «программалау анасы» және алғашқы машина алгоритмінің авторы ретінде тарихқа енген әйел. Тіпті халықаралық бағдарламаушылар күнін Аданың туған күніне байланысты бекіткен. Ол өз әріптесі Чарльз Бэббидждің есептеу машинасына арнап алғаш бағдарлама жазғандықтан, әлемдегі тұңғыш программист атанды.
Тарих • 07 Наурыз, 2024
Жазушының шығармашылық қазынасы
Көрнекті ақын, жазушы, драматург, публицист, педагог, психолог, сыншы, аудармашы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытұлы 1889 жылы 8 наурызда Семей губерниясына қарасты Кереку уезінің Қызылтау болысындағы №1 аулында (қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жүсіпбек Аймауыт атындағы ауыл) дүниеге келген. Жергілікті адамдардың айтуына қарағанда, әкесінің азан шақырып қойған аты Оймауыт екен. Жазушының өзі: «Мен Сиыр жылының аяғында (1890 жылдар) Қызылтаудың баурындағы Қараның адыры деген жерде Дәндебай аулында тусам керек. Руым Сүйіндік, соның ішінде Күлік. Айдабол мен Күлік бір туысады. Ақын Сұлтанмахмұт Торайғырұлы – Айдаболдан. Екеуміз сегізінші атадан қосыламыз. Қазақтың фольклоршы публицисі, шежіреші ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлымен жетінші атадан қосыламыз. Кереку уезі, Семей губерниясы», дейді.
Білім • 07 Наурыз, 2024
«Алты Алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ ұғымында ұстаздың орны бөлек. Бүгінде мәртебелі мамандық иелеріне жүктелетін жауапкершілік жүгі ауыр. Әсіресе мектеп директорының жұмысы қиын. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, ата-аналардың көңілінен шығу, тұтас ұжымды басқару оңай емес.