Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19537 материал табылды

Пікір • 13 Наурыз, 2023

Белсенділік – берекеге бастар жол

Көшбасшы елдердің даму үдерісіне ілесіп, өзіндік орнын айшықтаған Қазақстан үшін сая­си өзгерістердің орын алуы заңдылық. Уақыт көші алға жылжып, әлемдік саясат жаңа сатыға көтерілген тұста елімізде айтулы өзгерістер болып жатыр.

Сайлау • 13 Наурыз, 2023

Ел тағдырына араласудың орайлы сәті

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Сайлау – өзіңе берілген ерік, таңдау» деген екен. Ата-бабамыз аманаттап кеткен Отанымыздың жарқын келешегі мен Әділетті Қазақстан қоғамының бақуатты тіршілігі үшін алдағы сайлауда өз батылдығымыз бен белсенділігімізді көрсететін сәт туып тұр.

Тұлға • 12 Наурыз, 2023

Ер Ермек

1923 жылы Ахмет Байтұрсынұлының елу жылдығында жасаған баяндамасын Мұхтар Әуезов былай бастаған: «Қазақ жұртының өткен күндеріне көз салғанда, оқыған азаматтарының артынан ерген күндері аз да болса мағыналырақ, тәуір күндердің бірі деп саналады. Сол оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі болған Ахаң ...».

Әлем • 10 Наурыз, 2023

Қазақ министр БҰҰ-ның штаб пәтерінде кеңеске төрағалық етті

Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ-ның штаб пәтерінде әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссияның (67-сессия) кеңесі  Моңғолиялық қазақ министр Зұлпықар Сарқытұлының төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сенат • 10 Наурыз, 2023

Жыл жақсылығымен келсін!

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшасында барша қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, Қоян жылы тек жақсылығымен келсін деген тілегін жолдады.

Қазақстан • 10 Наурыз, 2023

Қателік қайталанбауы керек

Қарқын ала бастаған оң үдерістердің маңыздылығын бәріміз жақсы түсінеміз. Ел экономикасы мен халқымызды жетістікке жеткізетін үлкен өзгерістердің де ауылы алыс емес екеніне сенім ұлғайды. Рас, атқарылатын жұмыс көп. Алдағы реформалардың ауқымы мен Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызын айқынырақ сезіну үшін алдымен оның сыртқы көрінісіне үңілу керек. Ал бүгінгі шындықтың сыртқы көрінісі халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында табысты бөлудің теңгерімсіздігі, яғни оны бөлудегі олигархиялық экономика мен қуатты кері қайтарылымға негізделіп құрылғанын көрсетіп отыр.

Ғылым • 09 Наурыз, 2023

Ұлттық танымнан тамыр үзбейік

Жас ғалымдарымыз ғылыми тұжырымдарын түйіндер тұста тек еуропалық, америкалық ғылымның негіздеріне сүйенуді әдетке айналдырған. Қазақы таным-түйсіктен тамыр үзіп бара жатқан секілдіміз. Әрине, бұл елдердің ғылымы мен білімі, технология саласы жақсы дамығанын жоққа шығармаймыз. Дегенмен олардың өмір сүру дағдысы, тіршілік ету ортасы бізден мүлдем бөлек екенін, тіпті үйлеспейтінін естен шығармайық.

Тұлға • 09 Наурыз, 2023

Абырой биігіндегі аға

Көргені мен көңіліне түйгені мол, қайрат­керлік қарымымен елдің ықыласына бөленген адамдар болады. Адам­гершілікті ту етіп көтерген, білігі мен ынта-ықыласын елдің арбасын сүй­реуге арнаған алыптар қай заманда да аз болмаған. Солардың бірі – Қазақ­станға еңбегі сіңген қайраткер азамат Көшербай Дәулетбаев.

Партия • 09 Наурыз, 2023

Жемқорлықпен күресудің жаңа жолы

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшелері, Парламент Мәжілісінің депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша кандидат Валерий Смоквин мен облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Жанғали Ілияс «Көкшетау минералды сулары» АҚ еңбек ұжымымен кездесті.

Партия • 09 Наурыз, 2023

Басым бағыттар аталған кездесулер

«Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Берік Дүйсембинов, Дмитрий Васильев, Абай облысы филиалының төрағасы Ержан Тілеужанов және Мәжіліс пен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар «Қазполиграф» ЖШС мен Семей цемент зауытының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді.