Пікір • 14 Ақпан, 2024
Жұмыс барысындағы жүйелі ұстаным, бюрократияны тоқтату, нақты нәтижелі іс, қажетсіз шығындарды қысқарту, бизнеске әкімшілік қысымды азайту, салық жүйесін толық цифрландыру – Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген нақты тапсырмалары.
Пікір • 14 Ақпан, 2024
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент саяси реформалармен қатар, экономиканың барлық саласын дамытуға күрт бетбұрыс жасау туралы талап қойды, міндет жүктелді.
Еңбек • 14 Ақпан, 2024
Кентау қаласындағы дүкендердің сөресі тағы бір кірсабын түрімен толықты. Кенді шаһардың жас кәсіпкері Аружан Мырзатаеваның бұл іспен айналысқанына көп бола қойған жоқ. Соған қарамастан Кентау және қалаға қарасты ауыл тұрғындарын отандық өніммен қамтамасыз етіп отыр.
Тағзым • 14 Ақпан, 2024
Өткен кезеңнің өктем жылдары мен өліара шағында «толарсақтан саз кешкен» сарбаздардың ерен ерлігі ұлт пен ұрпақ жадынан өшпейтіні анық. Қайта жүрдек уақыт ағысы алға жылжып, күнделікті күйбең тіршілік түрленген сайын жаңғырып, қоғамдық-саяси құны артып отырғанын байқаймыз. Биыл Ауған аймағынан кеңес әскерінің шығарылғанына 35 жыл толды. Рухы биік, болмысы асқақ әрбір ардагердің есімі мен ерлігі тарих беттерінде қатталып, қайтпас қайсарлықтың нышанына айналды.
Кино • 14 Ақпан, 2024
«Шәкен Айманов – нағыз табиғи дарын иесі, тума талант. Жас кезінен-ақ ол өзін әртіс ретінде таныта білді. Ал бұндай біртуар табиғи дарын ешқашан бір жақты болмайтыны белгілі. Ол жан-жақтылығымен дами түседі. Тамаша сахна актері Шәкен аға театр режиссері болып, фильмдерге түсті. Кино түсіре жүріп ауқымды қоғамдық жұмыстар атқара білді», деген екен шәкірті, «Транссібір экспресі» фильмінің режиссері Эльдор Оразбаев.
Құқық • 14 Ақпан, 2024
Осыдан 10 жыл бұрын Жоғарғы сот ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі – «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты. Арнайы сілтеме арқылы өтсеңіз, сот кабинетімен жұмыс жөніндегі анықтамада осы электронды сервисті қалай пайдалануға болатыны ретімен көрсетілген.
Қоғам • 14 Ақпан, 2024
Қорғаныс университетінің отаншыл қадамдары
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары еліміздің Ұлттық қорғаныс университетінде болып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелерін талқылады.
Пікір • 14 Ақпан, 2024
Әлеуметтік әділдік – басты бағдар
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қоғам үшін қажетті бірнеше бағытқа тоқталды. Соның ең маңыздысы – бұған дейін баяу қимылдаған бюрократиялық машинаның қарқынын арттыру міндеті.
Пікір • 14 Ақпан, 2024
Мемлекет қаражаты қатаң бақылансын
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы өткен жұмысты қорытындылап, алдағы уақытта атқарылуға тиіс әлеуметтік-экономикалық міндеттерді айқындап берді. Ең бастысы, ел дамуындағы экономикалық өсім азаматтардың өмір сапасының жақсаруына және нақты табысының артуына тікелей әсер етуі қажет.
Пікір • 13 Ақпан, 2024
Ресурстарды саналы тұтыну маңызды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту туралы айтып, жылдар бойы жинақталған проблемаларды шешу, инфрақұрылымды қалпына келтіру мен дамытудың толық шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.