Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21555 материал табылды

Пікір • 12 Қазан, 2023

Әлемдік IT олимпиада Астанада өтеді

Қазақстан жастары әлемдік олимпиадаларда топ жарып жүр. Бұл – мемлекеттің білім-ғылым саласын дамытуға ерекше көңіл бөлетінінің көрінісі.

Пікір • 12 Қазан, 2023

Алыс ауылдарды да интернетпен қамтимыз

«SpaceX» компаниясы бірнеше жыл бұрын «Starlink» ғаламдық спутниктік жүйесін дамыта бастағаны белгілі. Бұл желісі нашар, қымбат немесе мүлдем қолжетімсіз жерлерде спутник­тің көмегімен жоғары жылдамдықты кең жолақты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған. «Starlink» алғашқы лицензиясын алғаннан кейін бес жылдан кейін бес мыңнан астам жерсерік ұшырылды.

Пікір • 12 Қазан, 2023

Қазақстан технологиялық хабқа айналады

«Digital Bridge – 2023» халықаралық форумына келіп, Қазақстан туралы ойым өзгерді. Бұл елдің цифрлы әлемнен ойып тұрып орын алып жатқанын түсіндім.

Форум • 12 Қазан, 2023

Жасанды интеллект – фантастика емес, ақиқат

Елордада Digital Bridge 2023 халық­аралық форумы өтті. Екі күндік ма­ңызды іс-шараға 20 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 300-ден астам IT компанияның өкілдері және 30 елден келген делегация бар. Кейінгі бес жылда IT индустрияның соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған Орта­лық Азиядағы ең ірі алаңға айналған форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.

Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Сыр өңірінде дін мамандарын дайындауға бағытталған іс-шара өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Атырауда дін мәселелері бойынша семинарлар өтті

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Атырау қаласында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Атырау облысында рухани-адамгершілік құндылықтар дәріптелді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2023 жылдың 02-06 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 12 Қазан, 2023

IT секторды дамыту жоспары

Еліміздің IT держава атануға деген ұмтылысы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерді орындап жатыр. Әлемдік деңгейдегі IT экожүйесін құруға бағытталған қызметтің негізгі бағыттары да айқындалған. Бұл ретте еліміздің IT экожүйесін құруға бағытталған инновациялық саясатын енгізу және жүзеге асыру бойынша кешенді қызмет басталғанын атап өткен жөн. Ол бес негізгі элементті қамтиды.

Үкімет • 12 Қазан, 2023

Республикалық бюджет жобасы қаралды

Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен орталық мем­лекеттік орган және өңірлердегі атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.

Сенат • 12 Қазан, 2023

Шағын және орта кәсіпкерлік мәселесі

Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша «Атамекен» ҰКП және бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу өткізді.