Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19538 материал табылды

Сайлау • 24 Қаңтар, 2023

Сенім сынағы

Биліктің ең басты ресурсы – халық сенімі. Қоғам билікті неғұрлым белсенді қолдаса, мемлекет соғұрлым нығая түседі. Мәжіліс сайлауының мерзімінен бұрын өткізілуі саяси партиялар үшін де, тәуелсіз кандидаттар үшін де, сайлаушылар үшін де нағыз сынақ болмақ.

Саясат • 24 Қаңтар, 2023

Өте қажет шешім

Қазақстан Президентінің өткен жылдың қыркүйек айындағы Жолдауында кезектен тыс сайлау жарияланды. Сондықтан Парламенттің таралуы бұл билік институтындағы саяси қайта жүктеудің логикалық тізбегі, ол Қаңтар оқиғаларынан кейін айтылды.

Сайлау • 24 Қаңтар, 2023

Бізге қандай депутат керек?

Біраз жыл бұрын Алматыдағы бір қайырымдылық қорының өтінішімен шығыс өңіріне жолымыз түсті. 30 миллионға жуық теңге көлеміндегі қамқорлық жұмысын ұйымдастыра жүріп, облыстағы бір аудан бюджетінің игерілу бағытын сұрадық. Бюджет – 7,5 мил­лиард теңге. Ал ауданның салық кірісі – 900 миллион теңге. Арадағы айырманы қараңыз – 88%.

Сайлау • 23 Қаңтар, 2023

29 орынның жөні бөлек

Қазақстанда бір мандатты округтер бойынша соңғы сайлау 2004 жылы өтті. Демек сайлауға қатысты ақпаратты көбірек тарату керек. Яғни дауыс берудің ерекшеліктері мен сайлаудың пропорционалды-мажоритарлық жүйесі туралы түсіндірме жұмысын жүргізген жөн.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2023

Өзгеріс халыққа да, билікке де пайдалы

Сонымен Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша жетінші сайланған Парламент Мәжілісі таратылып, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтады және кезектен тыс сайлау өтетін күн белгіленді. Біз бұл өзгерістерге былтырғы республикалық референдумнан кейін-ақ дайын болдық. Өйткені мемлекеттік басқару ісі мен қоғаммен біте қайнасып жүргендіктен, уақыт талабын анық сезінеміз.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2023

Халықтың таңдауы – ашықтық

Еліміздің жаңа даму белесіне, сая­си жүйені түбегейлі жаңғырту мен трансформациялау жолына бас­қан қадамы – Мәжіліс пен мәсли­хат депутаттарының кезектен тыс сайлауы. Парламенттің төмен­гі пала­тасының жаңартылған құра­мын қалыптастыру арқылы жүйе­лі рефор­маларды іске асыру – сай­лау­дың ашық және бәсекеге қабі­летті түрде өтуін талап етеді. Ортақ мақсат пен мүдде, берекелі бірлігіміз үшін жасаған таңдауымыз кемел келешегімізге кепіл болары анық.

Саясат • 23 Қаңтар, 2023

Партиялар бәсекесі күшейеді

Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың басты ерекшеліктерінің бірі – аралас сайлау жүйесі бойынша өтуі. Яғни ондағы 69 депутат партиялық тізіммен пропорционалды жүйе бойынша, ал 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бо­йынша сайланады.

Қоғам • 23 Қаңтар, 2023

Қазақша дәріс оқитын Ниномания сэнсэй

Биыл елімізде жапонтану саласының пайда болып, іргетасының қаланғанына отыз жыл толып отыр. Расында да, осыдан дәл отыз жыл бұрын, 1992 жылы республикамызда алғаш рет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында жапон тілі мен әдебиеті кафедрасы ашылды.

Тарих • 23 Қаңтар, 2023

Әлемге танылған тұлға

XX ғасырдың басында Алаш ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері саяси сахнаға шықты. Алайда олар кеңес өкіметінің орнауымен әртүрлі жағдайға ұшырады, жер аударылды, тұтқындалды, атылды. Ал Мұстафа Шоқай ғұмырының 20 жылдан астамын әділеттілік пен заңдылықты қатаң ұстанған Францияда, шетел­де өткізуге мәжбүр болды.