Taza.kz
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
4070 материал табылды

Тұлға • 05 Ақпан, 2024

Поэзиядағы біздің әкеміз

Көз аясына заманын, сөз аясына көркемдікті сыйдыра білген абыз ақын Әбділда Тәжібаевтың туғанына 115 жыл. Тап қазір кейінге бұрылып, Әбекең тұсындағы мықты таланттардың бірі – Қадыр Мырзалиевті сөйлетейік:

Руханият • 04 Ақпан, 2024

...Бәрі кітапқа қызмет етуі керек

Былтыр Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы балалар әдебиетіне қатысты үлкен мәселе көтере келіп, жас ұрпақты, қоғамды кітап оқуға шақырды. Кітаптың орнын ешқандай смартфон, планшет толтыра алмайтынын қадап айтты.

Тұлға • 04 Ақпан, 2024

Консерватория ректоры

Кейде бір жақсы шығарма оқып, содан алған әсерімізді бөліскіміз келіп тұрады ғой. Тура сол сияқты жан-жағына шарапатын тигізген тұлғамен сұхбат құрсақ та біршама уақытқа дейін естен кетпей, әңгімелеп беруге асығамыз. Бұл жолы сөз қайраткер, мәдениет тұлғасы Дүйсен Қасейіновтің дәстүрлі музыка мен ұлт мәдениетіне сіңірген еңбегі ­жайында болмақ.

Халық • 04 Ақпан, 2024

Қазақ – қашанда қазақ!

Тарих • 01 Ақпан, 2024

«Қазақ» газетінің ізашар миссиясы

«Қазақ» газеті туралы сөз болғанда, біз алдымен ұлы Мұхтар Әуезовке жүгінеміз. «Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын». Бұл «Қазақ» газетінің сүтін еміп өскен, «Ақаң салған өрнекті біліп, Ақаң ашқан мектепті оқып шыққан», «саясат толқынына түсіп ойы ашылған, мәдениет жолында аз да болса ілгері басқан» жас алашшылдың, оқиға ортасында жүрген куәгердің, замана жылнамашысының сөзі. Біз: «Қазақ» газеті – ХХ ғасыр басындағы ұлттық энциклопедия» дейміз. Оның жоқшысы мен жаршысының бірі болғандықтан айтамыз. «Қазақ» туралы жеріне жеткізіліп, толымды айтылмаған мәселенің бірі – ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларының бас­тары бірігіп, саяси күрес алаңына шыққандағы «Алаш» партиясын құрудағы басылымның көзге көрінбес тарихи еңбегі. Аласапыранды, төңкерісті 1917– 1918 жылдары алып Ресейдің бұрыш-бұрышында, бұрыннан бұратана саналған өлкелерде ұлттық автономиялық құрылымдар дүниеге келіп жатқанда қазақтың да әлемдік тартыстан тыс қалмай, мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге талпынғанын мақтанышпен еске алсақ, ол «Қазақ» газетінің жанқиярлық еңбегі мен жемісті ерлігі еді. Екі бірдей жалпықазақ сиезін өткізіп, «Алаш» партиясын құрып, Алашорда үкіметін жасақтаған, Алаш автономиясының кіндігін кес­кен «Қазақ газеті» (1913–1918) болатын.

Тарих • 01 Ақпан, 2024

«Ұран» – ұлттың үні

Ақ патша тақтан тайған Ақпан төңкерісінен кейін Қазақ даласының әр түкпірінде ұлт зиялылары бас қосып, автономия жайын ақылдаса бастады. Әрине, сол кезеңде ұлт болып ұйысу үшін ең керекті құралдың бірі газет болатын. Бөкейлік белсенділердің тез арада бас құрап, жарияға шығарған басылымы – «Ұран» газеті.

Халық • 01 Ақпан, 2024

Ауған асқан ағайын

Өткен жылы 15–23 желтоқсан аралығында ғылыми қызметкер Елдос Сауырқан екеумізге Ауғанстанға барудың сәті түсті. Бастамамызға қолдау білдірген – институт басшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Ермұқанұлы. Сапарымыздың басты мақсаты – ауған тарихшы-ғалымдарымен кездесіп, оларды институт жұмысымен таныстырып, ел тарихына қатысты деректер жинақтау.

Басылым • 01 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Сирия бойынша келіссөздер өтті

Сирия бойынша келіс­сөздердің жаңа раунды басталды. Келіссөздің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен сол жердегі жағдай, терроризмге қарсы күрес, сенім шаралары және тағы басқа мәселелер кіреді.

Мектеп • 01 Ақпан, 2024

Бала бауыр басатын мектеп

Алланың қалауымен бір ауыз түрікше білмейтін үш немерем Ыстанбұлда түрік мектебінде оқитын болды. Бірі – бастауышта, екіншісі – орта буында, үшіншісі жоғары сыныпқа барды.

Тұлға • 01 Ақпан, 2024

Намысы – әдебиеттің қасиеті

«Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй» секілді тамаша романдар, «Заманай мен Аманай» повесін, «Сабалақ-Абылай», «Ажар мен ажал», «Қызым, саған айтам», «Өлара», «Жаралы гүлдер», «Қысылғаннан қыз болдық» атты пьесалар жинағын дүниеге әкелген, мұнымен қоса публицистика және әдебиеттанумен шұғылданған Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісовтің туғанына – 90 жыл.

Яндекс.Метрика