Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21563 материал табылды

Қоғам • 15 Маусым, 2023

Үміт отын жаққан ұя

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желіде жазған бір пікірінде «Әлі күнге дейін аймақтарда қарапайым медициналық қызмет алуда қиыншылықтар бар. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беру керек» деген болатын. Шынында да, денсаулық сақтау саласы үздіксіз дамуды қажет ететіндігі сөзсіз.

Елорда • 15 Маусым, 2023

Объективте – бас қаланың бір күні (Фоторепортаж)

Елордамыздың ерке Есілдің бойына еңсе тіктегеніне ширек ғасыр толса, менің дәл осы шаһармен ғұмырымды байланыстырғаныма да 20 жылға жуықтапты. Содан бері Астананың әр күні мен әр түні шығармашылығыма шалқар шабыт сыйлап келеді.

Қоғам • 15 Маусым, 2023

Әлеуметтік әділдік – елдіктің ұстыны

Әділет – мемлекеттік саясаттың өзегі. Сондықтан қоғамның барлық саласы осы қастерлі қағидаға табан тірегені жөн. Сонда ғана елде даму, халықта сенім болатыны сөзсіз. Бүгінде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ұстанымдарды ұлттық бағдарға айналдыру ісіне айрықша мән беріп отыр. Бұл неліктен маңызды және осы ұстанымдарды бекем орнықтыру үшін қандай бағыттарға назар аударған абзал? Осы сұрақтар бізді де толғантып жүргені жасырын емес.

Білім • 15 Маусым, 2023

Ауыл мектебі түзелмей, білім көші оңалмайды

Кез келген қоғамда өске­лең ұрпақтың білім дең­гейі мен сапасына қа­тысты мәселе күн тәрті­бінен түскен емес. Жас жеткіншектің қа­зір алған білімі ертең ел игілігі үшін кәдеге жарайтыны талассыз ақиқат. Білім – ұлттың келешегін қуат­тай­тын, дамытатын негізгі құрал. Бүгінгі таңда еліміздің даласы мен қаласындағы орта білім сапа­сының алшақтап тұр­ған­дығы айқын. Сол бір ал­шақ­тықты қысқарту – өзекті мәселе.

Егемен Қазақстан • 14 Маусым, 2023

«Хат қоржын»

Тұлға • 14 Маусым, 2023

Еге

«Ержан Бекбауұлы Исақұловқа кең саяси ой-өріс, өткірлігі лазер сәулесінің қуатты жарқылындай биік деңгейлі кәсібилік, қашанда, қай істе де Құдай бере салған терең түйсік, сирек кездесетін моральдық-жігерлілік және іскерлік қасиеттер тән, кейбір адамдар мұны байқай да бермейді. Аралас-құраласта қарапайым, аналитикалық ойлауға бейім, басшы ретінде кесімді де шешімді, салқын сабырлы, дәйім тап-тұйнақтай, сарабдал, өте зиялы, үйренуден жалықпайды. Оның дара тұлғасының ерекшелігі мен сипаттарын осындай көтеріңкі сөздермен әлі талай айта беруге болады. Сөйткен күннің өзінде, менің ойымша, оның бейнесін толық күйде ешкім де, ешқашан ашып бере алмайды» – бұл сөзді осыдан екі жыл бұрын өмірден өткен ҰҚК ардагері, генерал-майор Есенгелді Мұстафетов жазыпты.

Әдебиет • 14 Маусым, 2023

Тәрбие көзі – көркем әдебиет

Көркем әдебиетті оқыған адам үлкен адамгершілік мектептен өтеді. Көркем шығарма жүрекке сәуле түсіріп, ар-ұжданыңды оятатын қасиетке ие әрі жақсылыққа үндейтін ізгі досың секілді.

Қазақстан • 14 Маусым, 2023

АҚШ-тан жүлдемен оралды

«US Open FIRST LEGO League» халықаралық роботтехника чемпионатында Қарағанды облысының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты және Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары қола медаль жеңіп алды. Чемпионатқа әлемнің 20 елінен 700-ден астам оқушы қатысты.

Тұлға • 14 Маусым, 2023

Қарасөздің хас шебері

Осыдан жарты ғасыр бұрын ару қала Алматы жаз шыға ерекше құлпырып кететін. Оқтай түзу көшелердегі жап-жасыл ағаштар, көздің жауын алатын алқызыл гүлдер алыстан менмұндалайтын. Арықтардағы сылдырлап ағып жатқан мөлдір су қандай еді. Ол кезде қазіргідей көшелерде кептеліс жоқ, трамвай, автобустар толассыз жолаушыларды қалаған жеріне жеткізетін. Алматының сұлу көрінісіне тамсана қарап келе жатқанымда Киров көшесінің бойындағы түшпараханаға келіп қалыппын. Енді бір сағаттан кейін емтихан. Арманымыз – журналист болу. Ол кезде еліміздегі бірден-бір журналис­тер әзірлейтін оқу орны – С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетіне оқуға түсу қиынның қияметі болғаны да белгілі.

Ғылым • 14 Маусым, 2023

Ғылым – дамудың басты кілті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдармен өткен жиында адамзат жетістіктердің барлығына білімнің арқасында қол жеткізгенін және қазір, әсіресе озық технология дәуірінде ғылымсыз алға жылжу мүмкін емес екенін айтқан еді. Бұл ретте мемлекетіміздің саясатында ғылым мен технология, инновациялық даму ел экономикасын өркендетудегі басым бағыттардың бірі ретінде айқындалып отыр.