Саясат • 16 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Атырау облысында болып, Сарайшық ауылының дәрігерлерімен кездесті. Кездесуде ауылдық жерлердегі медициналық қызметтің сапасы жайлы айтылды.
Саясат • 16 Қараша, 2022
Ұлттық мәдениетті сақтау – парыз
Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидаттардың бірі Мейрам Қажыкен Алматыда тарих және мәдениет қызметкерлерімен кездесті.
Саясат • 16 Қараша, 2022
Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.
Ахмет Байтұрсынұлы • 15 Қараша, 2022
Ахмет Байтұрсынұлы ұлт қайраткері, қаламгер, ғалым ретінде қазаққа не керек, соны көтерген, жасаған тұлға екені баршамызға белгілі. Ахаңның көптеген еңбегінде «мәдениет» ұғымы ұшырасып, оны автор адамның табиғатты игеру үдерісімен, халықтың бостандығымен тығыз байланыстырады. Бұл, біріншіден. Жалпы, «Ахмет Байтұрсынұлы және мәдениет» деген мәселеге келгенде, оған тағы да бір кеңірек қарауымыз керек. Ол Ахмет Байтұрсынұлының қазақ мәдениетінің жаңа бетін ашқан тұлға екендігімен байланысты мәселе.
Кино • 15 Қараша, 2022
Осыдан он жыл бұрын Аяған Шәжімбаев туралы фильм түсіріп жүрген режиссер Дархан Қожахан бізді, Аяғанды жақын білетін адамдарды, жақын әріптестерін Кеңсайға апарып, басына құран оқытқызып, еске алу шараларын ұйымдастырған еді. Онысына мың да бір рахмет, әйтпесе топырақ жамылғанынан бергі 28 жылдың ішінде ешқайсысымыз жиырма сегіз сөз айтуға, не жазуға жарамаппыз! Ұят-ай! Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында сол жолы Аяғанды еске алу отырысы болғанына да қуанып едік. Бауырымыздың осы күндері 70 жылдығына байланысты облыс орталығы Петропавл қаласы мен туған ауылында жоспарланып жатқан іс-шаралардың жақындағанынан еске түсіп жатқаны белілі.
Таным • 15 Қараша, 2022
Қайраткердің үйі музейге айналады
Сейітқали Меңдешев өзінің бар ғұмырын халқының бостандығы мен еркіндігі жолына арнаған ірі тарихи тұлғаның бірі. Ауылдағы қарапайым балықшы отбасында дүниеге келіп, жоқшылық тауқыметін көріп өскен Сейітқали өзінің зеректігімен оқуға түсіп, еңбекке ерте араласады.
Қоғам • 15 Қараша, 2022
Шекара қызметінің сарбаздары ант қабылдады
Бүгін ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің сапына алынған «Күз-2022» шақырылымының сарбаздары Отан алдында ант қабылдады. Аталған департаменттің Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында өткен рәсімге 500-ге тарта сарбаз бен олардың алыстан ат арылтып жеткен ата-ана, туған-туыстары мен достары қатысты.
Саясат • 15 Қараша, 2022
Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына барып, Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді.
Саясат • 15 Қараша, 2022
Ана мен бала өміріне – айрықша назар
«Ана мен бала өлімінің деңгейі ел медицинасының нақты бет-бейнесін көрсететін маңызды дерек болып саналады. Бұл мәліметтер мемлекеттегі өмір сүру деңгейінен де хабар береді». Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Атырау қаласында өткен жиында еліміздегі ана мен бала өлімі туралы ойын осылай жеткізді.
Саясат • 15 Қараша, 2022
Отбасы институтын жаңғырту маңызды
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды.