Ғылым • 10 Қараша, 2022
Аумалы-төкпелі қазіргі кезеңде қазақ қоғамы үлкен рухани серпіліске ден қойып отыр. Атап айтқанда, мемлекетіміз ұлы тұлғаларын ұлықтап, мерейін асыру жолында барлық шараны жүзеге асырып жатыр. Сондай дара тұлғалардың көш басында қазақтың біртуар перзенті Мұхтар Әуезовтің тұратыны даусыз.
Қазақстан • 10 Қараша, 2022
Академик Салық Зимановтың есімі құқықтану мен заң ғылымының асқан білімпазы, мемлекет және құқық тарихын терең зерделеген данагөй абыз ретінде жылнамаға еніп, тарих төрінен ойып тұрып орын алды, іргелі зерттеулері ұлтына сәуле шашқан асыл мұраға айналды.
Әдебиет • 10 Қараша, 2022
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Тұрсынбек Кәкішұлы – әдебиеттану мен сынның ауыр жүгін көтерген, кер замандағы кереғар қағидалардың таяғын жей жүрсе де ұлттық ғылыми-зерттеушілік және сыншылдық-эстетикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен даму тарихын ғылыми тұрғыдан зерделеуге мол үлес қосқан тұлға. Ұлт зиялылары ұстазымызды әдебиеттану ғылымының ар-ожданын жоғары ұстаған абыз дәрежесінде бағалайды.
Таным • 10 Қараша, 2022
Мұстафатанудың Франция сабақтары
Кеңестік билік Орталық Азияда алғаш құрылған жаңа мемлекеттің үлгісіндей болған Түркістан мұқтариятын құлатып, Қоқан халқын қанды қырғынға ұшыратты. Басына қатер төнген соң Мұстафа Шоқай шетелге кетуге мәжбүр болып, әуелі Әзербайжанды, сонан соң Грузияны екі жылдай паналады. Грузиядағы билік кеңестер қолына көшкеннен кейін Түркия арқылы Францияға барып тұрақтаған болатын. Осы жерде Мұстафа Шоқай 20 жылдан астам уақытта өзінің сан салалы саяси қызметімен, ерекше қажыр-қайратымен, оншақты тілде жазылған шығармашылық мол мұрасымен ірі қайраткер санатында әлемге танылды.
Сұхбат • 10 Қараша, 2022
Гүлзейнеп Сәдірқызы: «Егемен» – өмірім, Шерағам – ұстазым!
Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай жарияланған «Ақиқаттың ақ туы» атты республикалық мәртебелі байқаудың бас жүлдесін «Егемен Қазақстан» газетінің ардагер журналисі, қарымды қаламгер Гүлзейнеп Сәдірқызы («Жас жесір» әңгімесі мен «Шерағаның қызыл шапаны» эссесі үшін) жеңіп алды. Төменде Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Ақпарат саласының үздігі Гүлзейнеп Сәдірқызымен болған әңгімемізді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Экология • 10 Қараша, 2022
Арал теңізін қалпына келтіру, Кіші Аралдың қазіргі деңгейін сақтап қалу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Тығырықтан шығудың түрлі тетіктері де ұсынылып жатыр. Осы өңірдің тұрғыны ретінде мен де аталған мәселеге қатысты өз пікіріммен бөлісуді жөн көріп отырмын.
Экология • 10 Қараша, 2022
Жыл өткен сайын әлем ғалымдары қоршаған ортаның тепе-теңдігіне нұқсан келіп жатқанын, табиғи және техногендік апаттардың жиілегенін айтып шырылдауда. Ол аздай, климаттың өзгеруі, жаһандық жылыну жайында экологтердің пайым-пікірін жиі еститін болдық. Экологиялық ахуалды реттеу шараларына әлем елдері бірігіп араласпаса, санаулы мемлекеттердің дабылынан опа таппайтынымыз айдан анық.
Ұлттық спорт • 10 Қараша, 2022
Көкпар – тектілігіміздің сипаты
Қазіргі көкпарларда бұрынғыдай шын тартыстың болмайтындығы, шабандоздардың алдын ала келісіп алатыны сол үшін де доданың тез тарқап кететіндігі жиі сөз болады. Көкпарда бай-бағландардың ықпалы үлкен екендігі де алға тартылады. Әрине, нағыз шабандозды анықтап беретін бірегей сынақ –дәстүрлі көкпар екені сөзсіз. Осы орайда кезекті көкпар маусымының қарсаңында қалың жұртшылыққа ой салар деген ниетпен атақты шабандоз, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының құрметті азаматы әрі аудандық көкпар федерациясының төрағасы Әлиакбар Үсіпбеков ағамызды әңгімеге тарқан едік.
Қазақстан • 10 Қараша, 2022
Қазақ әскері ата-бабадан қалған жауынгерлік рухты жоғалтпай келеді. Бүгінде әскеріміз заманауи техникамен, қару-жарақпен қамтылған. Елімізде Қарулы Күштердің бірнеше түрі бар. Ең жас әскер түрі – Әскери-теңіз күштері. Әскери-теңіз күштері 21814 әскери бөлімінің аға матросы, мерзімді қызметтегі әскери қызметші Ернұр Ғалымжановты әңгімеге тарқанымызда ол теңізші болу бала кездегі арманы екенін айтты.
Саясат • 10 Қараша, 2022
Алматыдағы Бітімгерлік дайындық орталығына Канада дипломаттары келді. Жұмыс сапары барысында Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алан Хэмсон мен әскери атташе екінші дәрежелі капитан Рональд Готье бітімгерлік миссияларға қатысу мақсатында әскери қызметшілерді дайындайтын орталықтың қызметімен танысты.