Қоғам • 12 Шілде, 2021
287 мұқтаж отбасына азық-түлік қоржыны тапсырылды
9 шілдеде Қарағандыда «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы мен «Ел тірегі – Елбасы» республикалық акциясы аясында 287 аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтығы табысталды. Атаулы әлеуметтік көмек алғандардың ішінде көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалар да бар.
Тарих • 11 Шілде, 2021
Наполеон Бонопарт және Бөкей Ордасы
Осы жылы XIX ғасырдың басында Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында құрылған Бөкей Ордасына 220 жыл толды. Сөз жоқ, Қазақ мемлекеттілігінің тарихында Бөкей Ордасының алатын орны орасан зор. Осы уақытқа дейін бұл саяси бірлестіктің құрылуының негізгі екі себебі айтылып келді. Біріншісі – XVIII ғасырдың соңғы жылдарында Кіші жүзде әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың мейлінше шиеленісуі болса, екіншісі – патша өкіметінің Қазақстанды отарлау саясаты.
Әдебиет • 09 Шілде, 2021
Қазақ әдебиетінің тарихына зер салсаңыз, өмір бесігін тербетіп, өлім күйін әлдилеп, оқырманды тасқа тұнған теңіздің тамшысындай таза табиғатымен табыстыратын алтын кезеңдердің көш бастаушысы – ақындар екеніне күмәніңіз қалмайды. Поэзия адамның ең жақын, риясыз сырласы болғандықтан, жыр әлемінің шыңырауындағы астарлы ақиқаты елдің елік көңілін алдымен елеңдетіп жатады. Әйткенмен, сарыла сағынып, сарқыла ойланып, «өз жүрегін өзі жеп, дәмін өзгелерге де татқызатын» (Назым Хикмет) ақындық сапар азабы көп, қиын жол.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Ауыл шаруашылығы жерлерін сақтау маңызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған жер қатынастарын дамыту туралы заң біз үшін өте маңызды. Өйткені жерді жалға алғанымен, пайдаға асырмай жүрген кәсіпкерлеріміз жетерлік.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Қоғамда ұзақ жылдар бойы қордаланып келген өзекті проблемалардың бірі – жер мәселесінде нақты қадамдар жасалып, заң жүзінде іске асып жатыр. Жақында Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойып, саладағы бірқатар маңызды мәселенің реттелуіне жол ашты.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Көлеңкелі экономиканы жоюға көмектеседі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жер қатынастарындағы өзгерістер туралы заңға қол қоя отырып, күрмеуі шешілмеген қоғамдық маңызы бар мәселенің түйінін тарқатты. Бұл заңды бәріміз күттік. Ел болып үміт арттық. Сол үмітіміз ақталды.
Қоғам • 09 Шілде, 2021
Ғалымдардың еңбектері таныстырылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматыдағы Қайнар академиясының мәжіліс залында «Білім – кітапта» атты көрме ұйымдастырылды. Онда Академия ғалымдарының ел тәуелсіздігі жылдарында жарық көрген кітаптары қойылып, жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті.
Саясат • 09 Шілде, 2021
Ауыл әкімдерінің сайлауы жақындаған сайын қарапайым халық арасында әртүрлі сауал көбеюде. Себебі мемлекеттік қызметшілердің ішінде халыққа ең жақын, ең танымал – ауыл әкімдері екенін жақсы білеміз.
Қоғам • 08 Шілде, 2021
Ғұмырын ғылым жолына арнаған ұлы ғалым
Кемелді келешекке бастайтын ғылымның химия саласы туралы сөз қозғалғанда есімі алғашқылардың қатарында айтылатын көрнекті тұлғаның бірегейі, бүгінде әлем таныған ғұлама ғалым, қайраткер, ұлт жанашыры, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты – Еділ Ерғожаұлы Ерғожин.
Ел және Елбасы • 07 Шілде, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев: Елорда – Тәуелсіздік жылдарындағы тәуекелдің ең үлкені
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарында жүзеге асқан ауқымды әрі теңдессіз жоба – Нұр-Сұлтан қаласының салынуы. Стратегиялық тұрғыдан мемлекеттің болашағы үшін аса маңызды шешімнің тиімді де нәтижелі болғанын тұтас ұлт мойындап, игілігін көрді. Елорданың қазақ жерінің орталығына көшірілуі геосаяси тұрғыдан ғана емес, экономикалық, әлеуметтік жағынан да өте пайдалы болды. Қазақстанда құрылыс индустриясының жоғары қарқынмен өркендеуіне ықпал етіп, жаңа сипатқа көшуіне және ұлан-ғайыр жеріміздегі барлық аймақтардың дамуына серпін берді. Бүгінде қазақ елінің әрбір тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласына мақтанышпен, құрметпен, зор ілтипатпен қарайды. Бұл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылы бедерінде жүзеге асқан бірегей, ұлы жоба болды. Жобаның іске асуы кезіндегі қиын да, қызық сәттерді еске алу үшін «Qazaqstan» телеарнасынан «Nur-Sultan. Қолтаңба» деректі фильмі жарыққа шықты. Деректі фильм негізінде Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың журналист Ләззат ТАНЫСБАЙҒА берген сұхбатын газет оқырмандарына ұсынамыз.