Тағзым • 31 Мамыр, 2024
Қасіретті жылдар: Тарих, тағзым, тағылым
Бүгін ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірі – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
Зерде • 31 Мамыр, 2024
Айналасы тікен сыммен қоршалған, жарығы жоқ барактар. Әр жерде биік мұнарада винтовкалы атқыштар, жерде арпылдаған неміс овчаркалары мен қатыгез күзетшілер. Адам тұрғысыз ауыр жағдай, тұтқындарды айуандықпен жәбірлеу...
Аңдатпа • 31 Мамыр, 2024
4 маусым - Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында Ф.Зеллердің «Ана» драмасы ұсынылады. Режиссері – Ұ.Қарыпбаев.
Руханият • 30 Мамыр, 2024
Акбар аға, Акбар Мәжитұлы. Бұл есім – аңызға айналған, миллиардтарды мойындатқан, Қытайдағы қазақтың Олжас Сүлейменові атанған, әр қазаққа таныс һәм қастерлі есім.
Кітапхана • 30 Мамыр, 2024
Астанадағы академиялық ұлттық кітапханада армян әдебиеті бұрышының ашылу салтанаты өтті. Мәдени мәжіліске еліміздің зиялылары, Армения Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Армен Гевондян арнайы қатысты.
Көрме • 30 Мамыр, 2024
Ұлттық дәстүрді шетелге әйгілеген
Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында ташкенттік қылқалам шебері Гүлмира Досыбекованың «Туған жерге тағзым» атты көркем туындылары көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған Өзбекстан, Ресей және еліміздің қылқалам шеберлері мен Түркістан қаласының зиялы қауым өкілдері қатысты.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Шымкенттегі қоғамның қайнаған ортасы, өнер мен білімнің ордасы саналған Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-ға салтанатты іс-шараға барсаңыз, сізді ғимарат фойесінде «Қазығұрт» фольклорлық ансамблі сазды күймен қарсы алады. Қазақ дәстүрі мен тарихын сан түрлі сазды аспаппен құйқылжытқан «Қазығұрттың» тарихы да тереңде. Ол туралы бізге аға оқытушы, мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Ұлбосын Тәжібаева былай деп сыр шертті:
Спорт • 30 Мамыр, 2024
Көшпенділер рухы қайта жаңғырады
2023 жылғы 17 маусым Түркістан қаласында өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайының екінші отырысында Президент қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыру үшін қажетті сегіз нақты бағытты атап өтті. Оның ішінде, 2024 жылдың 8-13 қыркүйек аралығы өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәселесін көтерді.
Оқиға • 30 Мамыр, 2024
Киотодан келген келін немесе Ханоко құдаша, «Тулаған теңіз» биі, жапон болмысы хақында үзік сыр
Иә, иә... еш жаңсақтығы жоқ, келінді Киотодан түсірдік емес пе? Кәдімгі Жапонияның байырғы астанасы, императорлар шаһары атанған Киотоның дәл өзінен. Қазақ пен жапон құда болды. Бәлкім, бірінші де емес шығармыз... бірақ солай енді, Болат бауырымыздың Рұсланы Айоко келінді тура Америкада бірге оқып жүрген жерінен Алматыға «алып қашып» келді... Ақиқатында, екі жас өзара келісіп, оқуларын тәмамдап алып, шаңырақ көтерді. «Апыр-ай, жапондар қызын сыртқа шығармайды екен, өзіміз сияқты қыздарының жат жерге барғанын ұнатпайды екен» деген бар еді. Оның үстіне анау-мынау емес, келін жапондардың ұлт санатында ата-тегі түзілген киелі өңір Киотодан дегенде, несін айтасыз, ойланып та қалған жайымыз бар-ды.
Абай • 30 Мамыр, 2024
Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазан федералды университеті арасындағы келісім аясында аталған оқу орнының Филология және мәдениетаралық коммуникация институтында «Абай атындағы қазақ тілі мен мәдениеті орталығы» ашылды.