Әдебиет • 27 Шілде, 2022
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?»
Қазақ руханиятындағы алып тұлғалардың бірі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Оңтүстікке сапарын баяндайтын «Қазақ баласы оқыдым, тоқыдым десе де, Бекасыл хазірет бола ма?!» деген қолжазбасының мәтінін баянауылдық мәшһүртанушы Алтынбек Құрманов 2013 жылдың 27 қарашасында «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған болатын. Аталған қолжазбада Мәшһүр Жүсіп Бекасыл Биболатұлын аса құрметпен хазірет, ұстаз деп атайды және пір тұтады, ғұламаның қадір-қасиетін айшықты аша түседі, оның «Зикзал»(«Жұлдызнама») атты еңбегін аса құнды туынды деп бағалайды. Таяуда Алтынбек Құрманов өзінің Иманғали Мәненұлы деген атасынан қалған архивтен Мәшһүр Жүсіптің Бекасыл Биболатұлы туралы «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?» деп аталатын тағы бір естелігін тауып, редакцияға жолдапты. Естелікте Бекасыл Биболатұлының дене тұрқы, ата шежіресі, қасиеті, ұстанымы, үлгілі істері мен қазақ пен қырғыз арасындағы туындаған дауға бітімгершілік жасағаны туралы тың деректер келтірілген. Аталған естелікті Иманғали Мәненұлының 1948 жылы Ташкент қаласы мен Қасқасуға (қазіргі Түркістан облысының Төлеби ауданына қарасты Қасқасу елді мекеніне) сапары туралы әңгімесімен қоса жариялауды жөн көрдік. Ол әңгімеден сол кездегі кеңестік саясаттың ащы табы мен Мәшһүр ұрпақтарының аманатқа адал екені анық сезіліп тұр.
Қазақстан • 27 Шілде, 2022
Мемлекетаралық интеграциялау мәселесін пысықтауға шақырды
Алматыда Тұрақты дамуға арналған инновациялар мен технологиялар бойынша БҰҰ-ның Орталық Азия экономикаларына арналған арнайы бағдарламасы (СПЕКА) жұмыс тобының 3-ші сессиясы өтті. Кездесуге қатысушылар 2021-2022 жылдардағы жұмыс қорытындыларын шығарды және тұрақты даму үшін СПЕКА инновациялық стратегиясын іске асыру тетіктерін талқылады.
Руханият • 27 Шілде, 2022
Кітап өтпейді емес, жетпейді...
Алып шаһардың екіаяқты адамдары мен төрт аяқты көлігі сеңдей сапырылысып, ары да бері тынбай қайшыласқан орталық көшелерінің қақ ортасында қаламгерге өзі бұрыннан білетін тілеулес серіктесі кездескен. Жай сұрасып, жөн біліскеннен кейін әңгіме тізгіні төтесінен әдебиетке ауысып еді.
Қоғам • 27 Шілде, 2022
Өңір басшылығынан көмек күтеміз
Біз, Қызылорда қаласындағы Қайнарбаев көшесінің тұрғындары көшеміздегі кір-қоқыстан айтарлықтай зардап шегіп келеміз. Оған асфальт төселмеген, әсіресе жаңбырлы күндері лай-батпақтан аяқ алып жүре алмай қаламыз.
Қоғам • 27 Шілде, 2022
Бекзат бабалар есімдері ұлықталды
Әйтеке би ауданының Толыбай елді мекеніне қарасты «Хан моласы» қорымы маңында саясаткер, даңқты қолбасшы Әбілқайыр хан мен жары – ел басқару ісіне араласқан ержүрек қайраткер, аузы дуалы мәмілегер Бопай ханымның елге ардақты есімдерін ұлықтап, рухтарына тағзым етуге арналған игілікті іс-шара ұйымдастырылды.
Медицина • 27 Шілде, 2022
Бірлесе шешуді қажет ететін міндеттер
Президент тапсырмасына сай «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы іске асырылуда. Бірінші кезекте балалардың, жастардың денсаулығына көңіл бөлінеді, шалғай елді мекендердегі медицина әлеуетін көтеруге күш салынады. Осы орайда аурудың алдын алу, скринингтік тексерулер жүргізу сынды жұмыстар қолға алынбақ. Сондай-ақ жастардың денсаулық күтімін жақсартуға байланысты арнайы орталықтар ашу жоспарда тұр. Шымкентте жаңадан 200 орынды заманауи перинаталдық орталық және университет клиникасы бой көтереді.
Экономика • 26 Шілде, 2022
Бидай экспортын шектеу – қауіпсіздік кепілі
Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, Қазақстанда барлық егіс алқабының 80%-дан астамын бидай (12,9 млн гектар) алып жатыр. Бұл соңғы жылдары егіс алқаптарының мөлшері жыл сайын орта есеппен 6%-ға өскенін көрсетеді. 2022 жылдың 6 айында Қазақстанда жалпы өсімдік шаруашылығы өнімінің физикалық көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға өсіп, 83,9 млрд теңгені құраған. Ал былтыр егістік алқаптарының көлемінің ұлғайғанына қарамастан өндіріс көлемі ауа райының қолайсыздығынан төмендеген.
Қазақстан • 26 Шілде, 2022
«Алаш» мектебі: Аңыз бен ақиқат
Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтардың бірі – Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы тұтқындар мен Түркістан легионында қызмет еткендер тағдыры. Әрине, олар жайында мәлімет өте аз. Түркістан легионы туралы 1968 жылы С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» атты кітабы шығып, кейін 1972 жылы орыс тілінде жарық көрді. Тәуелсіздік жылдары Түркістан легионы жөнінде Амантай Кәкеннің «Түркістан легионы», филология ғылымдарының кандидаты, доцент Бақыт Садықованың «История Туркестанского легиона в документах» атты еңбегі жазылғанын атап өтуге болады. «Тамұқтан өткен тағдыр» атты деректі әңгіме кітабындағы басты кейіпкерлер Екінші дүниежүзілік соғыстың ақтаңдақ бетінен өз орнын ойып алатын қайраткерлер екенін тарихтың өзі дәлелдеп берді.
Руханият • 26 Шілде, 2022
Арғы-бергі қазақта ана тіліміздің қадір-қасиетін құрметтеп, жан-жақты сипаттап, түсіндіріп айтқан тұлға – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңның 1926 жылы жазған «Әдебиет танытқыш» атты еңбегін оқығандар: тіл қисыны, тіл дәлдігі, тіл тазалығы, тіл анықтығы, тіл көрнектілігі хақында қажетін артығымен өтейтін ғылыми дәріс алады. Десем де, осы ұлы еңбекке ден қойып жүргеніміз шамалы. Ахаңның сонда «...Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын» дегені, өкінішке қарай, әлі ескірген жоқ.
Өнер • 26 Шілде, 2022
Композитор Серікжан Әбдінұровпен тығыз араласуым жұмыс бабында басталған еді. Мен зейнет демалысына шыққаннан кейін астанадағы Музыка академиясына ұстаздық қызметке ауыстым. Осы оқу орнында менің ежелгі досым әнші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаев қызмет істейтін. Бір күні ол менің кабинетіме келді. Біраз шүйіркелесіп, сөйлескеннен кейін маған көкейінде мазалап жүрген ойын айтты. Бірде пойызда келе жатып, бір орысша журналдан оқыған шығармасы ойынан кетпейтінін баяндады.