![Egemen Qazaqstan](/user_photo/1483952278_user.png?width=300&height=300)
Таным • 29 Қараша, 2022
Елімізде 2019 жылы «Архив-2025» жетіжылдық бағдарламасы қолға алынып, алыс-жақын шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты істерден көшірмелер алына бастаған болатын. Өкінішке қарай, 2020 жылы әлемді әбігерге салған Covid-2019 бағдарламаны тоқтатып тастады. Араға екі жыл уақыт салып қана жұмыс жалғасты. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві Әлеуетті зерттеулер орталығының басшысы, тарих ғылымдарының докторы Светлана Смағұлова мен осы орталықтың аға ғылыми қызметкері Рашид Оразов 2022 жылдың 11-25 мамыр аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласы архивінде жұмыс істеген еді. Төменде осы сапарда табылған тың мәліметтерді оқырманға ұсынып отырмыз.
Спорт • 29 Қараша, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек» деп атап өткен еді.
Қазақстан • 29 Қараша, 2022
Заңғар көркі – ілбіс: тау тағысын бақылау қалай жүргізіледі?
Ерекше қорғауды қажет ететін әрі сирек кездесетін аңның бірі – ілбіс немесе барыс (Unica unica). Ілбіс – әлі толық зерттелмеген және зерттеу, табиғи құндылықтарын білу барысында ізденуді талап ететін, сыры жұмбақ аң. Барыс денесі созыла түскен тапалша жыртқыш. Дене тұрқы 125-137 сантиметрді құрайды, құйрығы ұзын, шамамен 90 сантиметрге дейін жетеді, ал салмағы 39-40 кило болады. Жүні мамықтай жұмсақ әрі қалың. Ілбіс Қазақстан Республикасының және Халықаралық табиғат қорғау одағының (ХТҚО EN санаты) қызыл кітабына енгізілген. Дүниежүзілік және Қазақстан фауналарындағы туыстың жалғыз өкілі саналады.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат. Ал сол егемендігіміз бен елдігіміздің баянды болуы ішкі тұрақтылықтың сақталуына тікелей байланысты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін Ұлттық ұлан сапына жыл сайын он мыңдаған бозбала келіп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтейді.
Медицина • 29 Қараша, 2022
«Қазақстан – дарынды жастар мекені. Ертең еліміздің абыройын асыратын да осы талантты ұл-қыздар. Біз олардың өрісін ашып, қарым-қабілетін шыңдау үшін бар мүмкіндікті жасауға тиіспіз» деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қоғам • 29 Қараша, 2022
Қазір Қазақстанда жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жуық республикалық маңызды автожолдардың 200-ге жуық учаскесінде жол салынып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 4 мың шақырымдай жерде жаңғырту жұмыстары, қалған 3 мың шақырымында жоспарлы жөндеу (орташа және күрделі) жұмыстары іске асырылып келеді.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсіміне 3 мыңға жуық адам ел өңірлерінен келіп қатысты. Бұл өте маңызды, өйткені адамның шені мен шекпеніне қарай бөлу болған жоқ. Қарапайым адам ұлықтау рәсімінің қалай өтетініне куә болды. Ешқандай пафоссыз-ақ бұл рәсімнің динамикасы жоғары, демократиялық қарым-қатынасқа негізделген.
Пікір • 29 Қараша, 2022
«Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу – мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын». Бұл – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзі.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Шекарадағы ауылдарға назар аударылса...
Шекара – мемлекеттің қақпасы. Ал шекарада орналасқан ауылдар елдің айнасы іспетті. Демек Үкімет ауылдарды өркендетуге байланысты бес жылдық бағдарлама әзірлегенде алдымен шекарадағы елді мекендердің инфрақұрылымын, тұрғындарының әлеуметтік тұрмысын жақсартуға баса мән бергенін қалар едім.
Пікір • 29 Қараша, 2022
Сайлаушының сенімі – халықтың сенімі. Сайлау нәтижесін өз халқының бағасы әрі батасы деп қабылдай отырып, барлық азаматтың шынайы қолдауымен Қасым-Жомарт Тоқаев жеті жылдық мерзімдегі президенттік қызметіне кірісті.