Коронавирус • 28 Маусым, 2022
Өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Қазақстанда 5 мыңнан астам БАҚ тіркелген
Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін
Сарапшылар Ресейге қарсы санкциялардың күшеюі, Иранның ядролық келісімін жасаудағы қиындықтар және ОПЕК-ке мүше елдер мен оның одақтастарының еркін өндіріс қуатының қысқаруы аясында биыл мұнай бағасының өсуін болжап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 28 Маусым, 2022
Мүлікті цифрлы қолтаңбасыз тіркейді
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ХҚО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды.
Руханият • 27 Маусым, 2022
Синестезия деген термин бар. Ол – адамдардың нәрсені сезім мүшелерінің біреуімен қабылдап, екіншісімен сезінуі. Мәселен, дыбыстан бейне көру немесе керісінше бейнеден үн есту. Бұл – көбінесе шығармашылық адамдарға тән құбылыс. Кейде ақындар өлең жазғанда әуелі әлдебір әуен келеді деседі.
Әдебиет • 27 Маусым, 2022
Есіл дүниенің есігін іңгәлап ашқан сәбидің бәрі өскеннен кейін өмірге емірене қарайтын адамға айналмайтыны өкінішті. Я тіршілік қалыбы, я өскен орта, көрген тәрбие, туған топыраққа байланысты адам баласы әртүрлі қалыптасады. Тауға қарап тебірене алмайтын, жел гуілін, су сылдырын естімейтін, гүл сұлуын көрмейтін, адамдар қарым-қатынасындағы жүздеген, бәлкім, мыңдаған нәзік ағыстарды сезбейтін жүректер тым көбейіп кеткендей әсер қалдырады. Кейде өзге түгілі өзің де мына жарық әлемнен адасып қалғандай, бар сезу мүшеңнен айырылғандай, әйтеуір қозғалатын тасқа айналып бара жатқандай боласың. Сырласуға жарамайтын, мұңдасуға татымайтын, қуаныш-қайғыңды түсінбейтін ұрпаққа ұқсап барамыз. Кейде осындай жиілеп кеткен құбылыстарды ойлағанда, жан дүниеңді жұмсартатын, сәулесін түсіретін, жүрегіңді қозғайтын себеп іздейсің. Біздіңше, екі нәрсе бар: Жаратқанның аяты, жаратылғанның өлеңі.
Қазақстан • 27 Маусым, 2022
Байырғы журналист Құттыбек Аймаханмен «Алматы ақшамына» қызметке келгенде таныстым. Алғашқы кезде газет тіршілігіне кірігіп кету үшін: «Қай журналист қандай тақырыпты көтеріп жүр екен?» деген оймен тігіндіні ақтарғанда Құттыбектің аты-жөні жиі кезікті. Газеттің күрмеуі қиын жетекші - экономика және құрылыс саласына қалам тербеген көлемді мақалаларын шолып шықтым. Күрделі тақырыптың өзін тігісін жатқызып, қазақтың шұрайлы тілімен ұғынықты етіп жазады. Қаламы ұшқыр, айтар ойы айқын, оңды-солды көсілтіп жазатын Құттыбектің еңбекқорлығына тәнті болған едім.
Қоғам • 27 Маусым, 2022
Көкшетауда 630 орындық заманауи аурухана салынады
Көкшетауда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салынады. Бұл туралы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Маусым, 2022
Колледждерге құжат қабылдау басталды
Елімізде колледждерге құжат қабылдау басталды. Балалар жылында 128 мың грант бөлініп, рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл былтырмен салыстырғанда 45 мыңға артық, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға • 27 Маусым, 2022
Шымкентте күннің ыстығынан көлік өртенді
Шымкентте қатты ыстықтан көліктің жүксалғышындағы газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.