Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24581 материал табылды

Пікір • 12 Ақпан, 2024

Жастардың жолы – өзгеріс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жедел шешуді қажет ететін елдегі ең маңызды мәселелерді айқындап берді. Сондықтан бізге нақты нәтижеге бағытталған кәсіби тәсіл қажет.

Пікір • 12 Ақпан, 2024

Бәрі өз қолымызда

«Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ, Қараймын келбетіңе мен таңырқап», деп ақын Қасым Аманжолов жырлағандай, біз – бақытты ұрпақпыз. Екі ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бірін естіп, бірін естімей, бірін біліп, бірін білмей кеңестік кезеңнен өттік. Егемен ел болған дәуірдің алғашқы жылдарында өмір сүріп жатырмыз. Шекарамыз шегенделді, Астанамыз салынды.

Олимпиада • 12 Ақпан, 2024

Бәсі биік олимпиада

Астана қаласында биология пәні бойынша 35-халықаралық IBO-2024 (International Biology Olympiad) олимпиадасы өтеді. Шілденің 7-14 аралығында өтетін бұл додаға әлемнің 80-нен астам елінен 350-ге жуық оқушы қатысады. Мұндай беделді олимпиаданың Қазақстанда өтуі – кездейсоқ таңдау емес.

Зерде • 12 Ақпан, 2024

Ауған соғысының зардабы

1979 жылы 25 желтоқсанда кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауған­стан территориясын әуеде де, жерде де кесіп өтті. Сөйтіп, 1989 жылдың ­ 15 ақпа­нына дейін соғыс жүрді. Биыл 15 ақпанда осы соғыстың аяқталғанына ­35 жыл толады. Он жыл отқа оранған соғысқа еліміздің азаматтары да қатыс­ты. Шын­дығында, соғыс қалай аяқталды?

Басылым • 12 Ақпан, 2024

Абылай хан және ұлт батырлары

Көрнекті айтыс ақыны, жазушы, драматург Баянғали Әлімжанов – бүгінгі түсінікпен айтқанда, креативті қаламгер. Өткен жылдың соңында осы автордың «Абылай хан мен батырлары» атты балаларға арналған танымдық кітабы «Фолиант» баспасынан қазақ, ағылшын тілінде жарияланып, бір марқайған едік. Енді жаһан кітапханасынан байқасақ, осы басылым 2022 жылы түрік және орыс тілдерінде де жарияланыпты.

Тарих • 12 Ақпан, 2024

Имантай қазасы туралы

«Egemen Qazaqstan» газетінің биылғы 22 қаңтардағы санында керекулік тілші Мұрат Қапанұлының «Қаныштың әкесі Имантай хақында» деген мақаласы басылды. Мақаланы оқыған соң, ерік­сіз қолыма қалам алуға тура келді. Себебі Қаныштың әкесі Иман­тайдың өлімі мақалада жазылған ақпараттан басқаша.

Ғылым • 12 Ақпан, 2024

ЕҰУ ғалымдарының кітабы Springer әлемдік баспасында жарық көрді

Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының «Beginning C++ Compilers. An Introductory Guide to Microsoft C/C++ and MinGW Compiler» («C++ компиляторына кіріспе») бірегей кітабы Springer жаһандық ғылыми баспасынан ағылшын тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пікір • 12 Ақпан, 2024

Саяси жауапкершілік қажет

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев батыл әрекет жасауға кірісіп, саяси реформалардың әлеуетін қолдана бастады. Өйткені Конституциялық реформа мен өткізілген сайлаулар Үкіметтің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтті. Ол Президент Әкімшілігінің ұсақ-түйек бақылауынан босатылып, оның қайталанатын функциялары Үкіметке берілді. Салалық шешімдерді қабылдау құқығы да тиісті мемлекеттік органдар деңгейіне ауыстырылды. Өңірлердің бюджеттік дербестігі артты. Демек Үкіметтің тиімді жұмыс істеуі үшін қазір құралы жеткілікті.

Сараптама • 12 Ақпан, 2024

Қосымша құн салығы төмендетілуге тиіс

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық мөлшерлемесін көтеру – панацея емес дегенді айтты. Нақтырақ айтқанда, қосылған құн салығы жөнінде жаңа Үкіметке дейінгі бұрынғы Үкімет те оны біраз айналдырған. Алайда ҚҚС-ны 12 па­йыздан 16 пайызға дейін көтеру керектігі мәселе түйінін тарқатпасы әу баста-ақ белгілі болған. Бұл кәсіпкерлер мен салық төлеушілер арасында да біршама талқыланды.

Үкімет • 12 Ақпан, 2024

Күн тәртібі бекітілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Яндекс.Метрика