Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24581 материал табылды

Білім • 07 Ақпан, 2024

Оқу үдерісіндегі жаңашылдық

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бакала­вриат деңгейіндегі оқу үдерісіне біршама өзгеріс енгізіп жатыр. 2024-2025 оқу жылынан бастап 1-курс студенттері жасанды интеллект саласын оқып, ғылыми зерттеулер жүргізеді.

Мәдениет • 07 Ақпан, 2024

Постфольклор, медиалор, әлде желілік фольклор?..

«Фольклор» деген ұғымға бүгінгі көзқарас тұрғысынан да ой жүгіртіп көрсек. Рас, бүгінгі қоғам «фольклор» дегеннің ағылшын тілінен аударғанда «халық даналығы» деген мағына беретінін біледі. Сонымен бірге бүгінгі қоғам халық даналығынан туған соң, оның төл иесі болмайтынын, ауызша жаратылып, ауызша таратылатынын, ұлттың салт-дәстүрімен үйлесімде болатынын, бір өзі бірнеше өнерді тоғыстыратынын, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралатындықтан, бір шығарманың бірнеше нұсқасы кездесетінін, ұрпақ ауысып, таным мен талғам өзгерген сайын уақыт пен қоғамдық сана қажеттілігіне орай үнемі жаңғырып отыратындығын, айтушы мен тыңдаушының өзара тығыз байланысының нәтижесінде өркендейтіндігін біледі.

Өнер • 07 Ақпан, 2024

Елінің ерке қызы

Ән – әулие дейді. Ән төгілген жерде, адамның тірлігі де жеңіл тартады. Содан да шығар, әуезді әуен жүректі тербеп, сезім қылын шерткізеді, мұңды ән тереңіне батырады, жігерлі, отты әндер бойыңды шымырлатып, намысыңды жанып, рухыңды асқақтатады, ал ойнақы, көңіл күйдің әндері жаныңды жадыратады. Әдемі ән қашанда халықтың сағынышына айналады. Бұл ретте әннің бағын ашып, тыңдарманға жеткізетін әншінің орны ерен. Елу жылға жуық киелі сахнада ұлттық өнеріміздің өсіп-өркендеуіне өзіндік үнімен, өзіндік қолтаңбасымен үлес қосып, қос көмейден шыққандай сыңғырлаған сырлы даусымен шырқай салған «Сарыарқа», «Өз елім», «Отырардағы той», сондай-ақ «Бурылтай», «Жалғыз арша», «Қос өрік», «Ой, көк», т.б. көптеген халық әнімен танымал Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, дүлдүл әнші Бағдат Сәмединованың жан дүниесі – өзінше бір әлем...

Қоғам • 07 Ақпан, 2024

Атты адамның ақылы төбесінде...

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жол апатынан көз жұмғандар санының көптігінен алдыңғы қатарға шығады екен. Бұл мәселенің себебі көп, салдарына бойлау да ауыр. «Egemen Qazaqstan» газетінің өткен жылғы 30 қарашадағы «Жол апаты азаймай тұр» атты мақаланы жақында көзім шалып қалды. Мұнда кейінгі 30 жылда елімізде жол-көлік апатынан 83 мыңнан аса адамның қаза тапқаны айтылады. Жыл сайын жол үстінде ажал құшқандардың саны 6 пайызға өсіп отырғандығы да дерек ретінде келтірілген.

Пікір • 06 Ақпан, 2024

Алдымызда айқын мақсаттар тұр

Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Бектенов еліміздің Премьер-министрі болып тағайындалды.

Сараптама • 06 Ақпан, 2024

«Сіз бақыттысыз ба?»

Кейінгі жылдары бақыт индексін зерттеуге көп қызығушылық туып отыр. Алайда мұндай зерттеулердің экономика және әлеуметтану тұрғысынан өзіндік қиындығы бар. Дегенмен бүгінде бақытты өлшеу бойынша әлемде түрлі әдіснама мен зерттеу бар екенін ескеруіміз қажет.

Жастар • 06 Ақпан, 2024

Мамандықтан қателеспе, жас түлек

Қазір көптеген талапкердің грант үшін сұраныстағы мамандық­қа ағылып түсіп жатқаны ақиқат. Алайда оқуды тәмамдаған соң елге қажетті маман бола алмай қалатыны да жалған емес. Оқушылар өздерінің болашақта кім болатынын, қай бағытта еңбек ететінін ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырғаннан кейін емес, сынаққа дейін ертерек айқындағаны абзал.

Инвестиция • 06 Ақпан, 2024

«Beksar»-ға құйылған инвестиция

Отандық «Beksar» стартапы 305 мың доллар инвестиция тартты. Сауда дүкендерін автоматтандырумен айналысатын жоба 4,8 млн долларға бағаланып отыр.

Үкімет • 06 Ақпан, 2024

Инвестиция тарту жөніндегі кеңес

Үкімет басшысының міндетін атқарушы Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Саясат • 06 Ақпан, 2024

Өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды

Сенат төрағасының орынбасары, ТМД-ға қатысушы мем­лекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының халық­аралық байқаушылар тобының үйлестірушісі Жақып Асанов Әзербайжанның Бас прокуроры Камран Әлиевпен кездесті.

Яндекс.Метрика