Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Қазақстан • 22 Тамыз, 2022

Спорт саласы қызметкерлерін марапаттады

Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спорт саласы қызметкерлерін марапаттап, олардың саламатты өмір салтын дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

Әдебиет • 21 Тамыз, 2022

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»

Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің (1991 жылға дейін «Қызыл ту») ғасырға жуық тарихына көз жүгіртсек, әр жылдары басылымның абыройы­н асқақтатқан, ұжымнан қабырғалы қаламгерлерді түлетіп өсірген бірқатар басшы болған. Солардың бірі ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында облыстық газетке редакторлық еткен Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовты бөле-жара атауға болады.

Руханият • 21 Тамыз, 2022

Шындық шырағданы

Сүйінші, қазақ оқырманы! Дәстүрлі деңгейінен де дәрежеленіп, ежелден қалыптасқан бітім-болмысынан өзгеше құйыла құбылып, қымбат та ғажап мінезімен дүниеге келіпті-ау қазақ романы! Көкейімізге «чеховша» мәрт мәтіндерімен, қысқа да талғамды тілімен тоқылғаны! Алғашында қолымыз батпай ұстаған қалың кітаптың мұншама тез оқылғаны! Мұны жай бір әсерлі, сиқырлы, тербелмелі сөз теңеуі деп түсінбеңіз. Жаңа проза, тосын үлгі, соны қадам, серке стильді, сергек байлам – бәрі-бәрінің тояттандырған күшіндеміз!

Руханият • 21 Тамыз, 2022

Қазығұртта үйлесім тапқан елдік идеясы

Шымкенттен – Ташкент шаһарына бет алған күре жолдың оң жақ бетіндегі Қазығұрт тауының етегіне созыла орналасқан жотада «Мәңгілік Ел» аталатын саябақта «Алаш арыс­тары», «Анаға тағ­зым» және Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлына арналған ес­керткіштер кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Аймақтар • 19 Тамыз, 2022

Ұлықұм етегінде ұйымдастырылған игі іс

Ата кәсібіміз – мал шаруашылығына қазір жастардың қызығушылығы баяулау екені рас. Төрт түліктің бабын тауып, тіпті өнімін үйлестірудің де ретін толық біліңкіремейтіндер бар. Осындайда үлкендеріміздің шопанға да «диплом» керек деп астарлап, малшыға асқан жауапкершілік қажет екенін меңзейтіні шындыққа саяды.

Қоғам • 19 Тамыз, 2022

Мүгедектерге 254 млрд төленді

Жыл басынан бері қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 254 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы төленді.

Қоғам • 19 Тамыз, 2022

Көпбалалы отбасыларға – 198,7 млрд теңге

Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәр­демақы төлемдерімен орта есеппен жалпы сомасы 198,7 млрд теңгеге 501,2 мың отбасы қамтылды, оның ішінде шілде айында жәр­дема­қының осы түрін жалпы сомасы 28,6 млрд теңгені 501,2 мың отбасы алды.

Қазақстан • 19 Тамыз, 2022

60 мың гектар жайылым мемлекетке қайтарылды

Amanat партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының Ақмола облысына сапары барысында мемлекет меншігіне 60 мың гектар жайылымдық жер қайтарылды. Енді бұл жер учаске­лерін ауыл тұрғындары мал жаю және шөп шабу үшін пайдаланатын болады. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 19 Тамыз, 2022

Жол картасын жүзеге асыру маңызды

Мәжіліс депутаттары Берік Бек­жанов, Берік Оспанов пен Фахриддин Қаратаев Шымкент қаласына барып, Әл-Фараби аудандық жұмыспен қамту ор­талығының ұжымымен кез­десті. Бұл жөнінде палатаның бас­пасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 19 Тамыз, 2022

Өңір тұрғындарымен кездесті

Сенаторлардың өңірлердегі жұмыс сапарлары жалғасып келеді. Мәселен, Сенат депутаты Ерік Сұлтанов таяуда Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездессе, Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Владимир Волков жұмыс сапары аясында Алматы облысының Қарасай ауданына барды. Бұл жөнінде жоғарғы палатаның баспасөз қызметі хабарлады.