Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21587 материал табылды

Қоғам • 16 Тамыз, 2022

Жергілікті тұлғалар ескерусіз қала бере ме?

Бүгінде патшалық Ресейдің отарлық езгісін, қылышынан қан тамған кеңестік заманның тоталитарлық белгісін еске түсіретін, тәуелсіздігіміздің ешқандай өлшемдерімен қабыс­пайтын елді мекендер, жер-су, көше аттары өңірде жарты мыңға жуық. Демек идеологиялық тұрғыдан ескі атау­ларды алмас­тыру, бұрынғы тарихи атауларды қайтару ұлттық мүдде талабы деген сөз.

Спорт • 16 Тамыз, 2022

Олимпиададан кейінгі ойлар

Төрткүл дүние мойындаған интеллектуалды ойындардың ең жауһары – шахмат. Әпсаналар бұл ойынды адамзат арасында соғыс болмасын, бар кикілжің осы шаршы тақта үстінде шешілсін деген арзу арманмен даналар шығарды деседі. Қазіргі дүниежүзілік саяси хал-ахуал ушығып тұрған заманда адамдар мәселені қарумен емес, шахмат тақтасы үстінде шеше алса дейсің, шіркін!

Өнер • 15 Тамыз, 2022

Портретін күріштен жасаған

Алматыдағы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсі­­­реповтің әдеби-мемо­­риал­­дық музей кешені қорын­­да қос жа­зу­­шының кітап­­тары, қолжаз­балары, қойын дәп­тер­лері, хаттары, фотосуреттері, тұтын­ған заттары, сыйлық заттар, қолөнер туындылары көп сақталған. Сондай жәдігердің бірі – Ғ.Мүсі­репов­тің күріштен жасалып, бояумен әрленген портреті.

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Елордада ғалым Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай әдеби жиын өтті

Елорда төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Халықаралық жоғары мектептер ғылым академиясының құрметті академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішұлының туғанына 95 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 15 Тамыз, 2022

Он жылға сотталды

Интернет арқылы аса ірі көлемде есірткі сатқан 25 жастағы павлодарлық сот үкімімен 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Тарих • 14 Тамыз, 2022

Мырзашөл-Шардара өңіріндегі ашаршылық

Бүкіл Қазақстанды қамтыған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің зұлматты жалыны Оңтүстікті, оның ішінде Мырзашөл-Шардара өңірін де айналып өтпегені архив деректерінен белгілі. Бұл жылдары Мырзашөл-Шардара аймағы «Бетпақ дала» (Голодная степь) деп аталып, Түркістан өлкесіне қарасты Жызақ уезінің құрамына енген екен.

Қазақстан • 14 Тамыз, 2022

Арқаның арқары да ауып кеткен...

Қай заманға тап келдік. Аң мен құстан айырылған Сарыарқа тіршілік иесінің дыбысы естілмейтін өлі өлкеге айналып бара жатыр. Осыдан үш жыл бұрын Қарқаралы, онан әрі Егіндібұлақ, Боқты жаққа жол түскен еді, қанша зер салсақ та қолбаңдап ұшқан бір құсты көре алмай дал болдық. Бұл қалай деп сұрағанымызда сол жақтың бір азаматы иығын көтеріп, «мен қайдан білейін» дегенді білдірген. Енді, міне, Сарыарқаның сауырлы өлкесінің бірі Шет ауданы көрші Ақтоғай, Жаңаарқа аудандарының біраз жерін аралап, «бұл қалайға» тап болдық. Қазақтың Ұлытауында да осыған жақын жағдай.

Тарих • 11 Тамыз, 2022

«Алаш» автономиясы хақында

Алаш идеясы, оны шындыққа айнал­дыру үшін ақтық айқасқа түскен алаштық буын қызметі – бұл жалпы ұлт болып қорытатын, жалпы ұлт болып түсінетін тақы­рып. Оны қорыту ісіне кезінде тыйым салынды, шектеулер қо­йылды. Тәуелсіздік жылдары Алаш ұлт-азаттық қозғалысы, алаш­тықтардың қайғылы тағдыры туралы ойланатын, бұл тақырыпқа қалам тартатын ғалымдар, журналистер, ақын, драматургтер қатары өсуде. Тіптен алаштықтар ұстанымын жалғастырып, батыл тұжы­рымдарын мәлімдеп, сол үшін абақты есігін көріп жүрген отандастарымыз да бар.

Қоғам • 11 Тамыз, 2022

Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді

ХХ ғасырдың соңына қарай Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің егемендігіне ие болғаннан кейін, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы саласы дұрыс жүргізілмеген экономикалық саясаттың салдарынан мүлдем қожырап кетті.

Саясат • 11 Тамыз, 2022

Сенат депутаттары – халық ортасында

Парламент депутаттары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан» құрудағы бастамаларын халық арасында түсіндіру мақсатында еліміздің аймақтарына аттанған болатын, деп хабарлады Пар­ламент Сенатының баспасөз қызметі.